Дәретхана әдебі
Сұрақ: Дәретхана әдебіне не жатады? Жауап: 1) Дәретханаға кірерде Әузу-Бисмиллаһ айтылып «Аллаһумма инни әузу бика минәл хубси уәл хабаис» дұғасы оқылады. 2) Дәретханаға кірерде қолында Аллаһу та’аланың есімі мен Құран кәрім жазылған еш нәрсе болмау керек. Егер олар қалтада немесе жабық болса зияны болмайды. Мойнында Аллаһ деп жазылған алқа болмау керек. Бар болса киімнің астына кіргізіп қою керек. 3) Дәретханаға дұрыстап оралған тұмармен кіру жаиз. 4) Дәретханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу керек. 5) Дәретханадан шыққанда «Әлхамду-лилләһилләзи әзхаба анил әза уә афани» дұғасын оқу керек. 6) Дәретханада сөйлемеу керек, ұзақ отырмау, газет сияқты ештеңе оқымау, өлең айтпау, темекі шекпеу, сағыз шайнамау керек. 7) Истинжадан, яғни тазаланғаннан кейін дереу киіну керек. 8) Дәретханада дәрет сындарған кезде қыблаға алдымен немесе артымен отырмау керек. 9) Нәжісті саусағымен алып, қолды жуу керек. Ең соңында қалған нәжісті сумен жуу керек. 10) Еркектер истинжа жасаған кезде артынан алдына қарай, ал әйелдер алдынан артына қарай жуу керек. Осылайша алдыңғы әурет жеріне нәжіс тимеуімен қатар, оянуы мүмкін болған шәһуетке де себеп болмайды. 11) Тазаланғаннан кейін сүлгімен құрағату керек. Сүлгі жоқ болса дәретхана қағазымен де құрғату жаиз болады. Бұл қағаз осы мақсатпен дайындалған. Басқа қағаздарды қолдану мәкрух болады. 12) Истинжадан, яғни тазаланғаннан кейін іш киімге кішкене су себу керек. Осылайша іш киімде ылғал көрген кезде зәр деп санамай, бұл мен сепкен су деп уәсуәсаға жол бермеу керек. 13) Тазаланғаннан кейін еркектер истибра жасау керек. Әйелдер истибра жасамайды. Истибра – зәр жолында зәр қалдырмау деген сөз. Истибра жүру, жөтелу немесе сол жанына жату арқылы жасалады. 14) Истибра жасалмастан дәретханадан шығатын болса, зәр тамшыларының шығу және іш киімге тию ықтималы болғандықтан, дәретханадан шығудан бұрын зәр жолына арпаның үлкендігіндей мақта кіргізіп қойылып, зәрдің сыртқа шығуының алдын алу керек. 15) Истибра жасалып зәрдің қалмағанына көңілмен сенімді болуға истинқа делінеді. Истинқадан кейін дәрет ала беруге болады. 16) Әурет жеріне және нәжістерге қарамау керек, дәретханада түкірмеу керек. 17) Мәжбүр болмағанша аяқта түрегеп дәрет сындырмау керек. Дәретханада киімге зәр шашыратпау керек. Мүмкін болса, арнайы бір шалбар қолдану керек. Дәретханаға арнайы шалбармен және басы жабық болып кіру мүстаһаб. 18) Дәретханадан шыққаннан кейін қолды жуу керек. 19) Ешбір суға, мешіт қабырғасына (дуалына), мазарға және жолға дәрет сындырмау керек. 20) Су табылмаса, тас және осыған ұқсаған нәрселермен тазалану да су орнына өтеді.
Сұрақ: Дәретхана үшін арнайы киім қолданған жақсы ма? Жауап: Иә, жақсы болады. Дәретхана үшін арнайы киім кию және басының жабық болуы мүстаһаб. (С.Әбәдийа)
Сұрақ: Қалалық үйлерде биік унитаз, ауылдық және жер үйлерде төменге отырылатын дәретханалар болады. Маған биік унитаз ыңғайлырақ. Осындай екі дәретхана да бар кезде төменге отыратын дәретхана орнына унитаз қолдануым дұрыс па? Жауап: Тазалану оңай болса, үстіңізге нәжіс шашырамайтын болса зияны жоқ. Бірақ төменге отыратын пәс унитазды дәретхана қолдану медицина тұрғысынан да пайдалы. Нәжіс оңай тазаланады, үстіне нәжіс шашырамау жағынан да тиімді. Кіші дәрет пен үлкен дәрет толығымен шыққаны үшін қуық пен ішектер рахаттанады, нәжіс өтетін жолдарда қалмайды, сыртқа шығады. Зәр жолдары, тоқ ішек сияқты ішкі органдар ауруларының неліктен мұсылмандарда азырақ кездесетінін зерттеген шетелдік медицина мамандары, мұның себебін биік унитаз қолданбауында екенін анықтаған. Әсіресе простатит, зәр жолдарының аурулары еркектер үшін өте қиын және жанұя бақытына әсер ететін аурулардан. Аяқта тұрып та дәрет сындырмау керек және денсаулыққа ең қолайлы болған жолды таңдау керек.
Сұрақ: Ешбір суға дәрет сындырмау керек делінген, унитаз ішіндегі су да осыған жата ма? Жауап: Жоқ, унитаздағы су бұған жатпайды. Ол онсыз да дәрет сындыру орны. Дәрет сындыруға болмайтын сулар – адам немесе жануарлар ішетін, немесе адамдар қолданатын сулар. Бұларға арық, өзен, көл, тоған, хауыз және су қоймалары жатады.
Сұрақ: Дәретханаға еркектердің де, әйелдердің де басын жауып кіруі мүстаһаб па? Әйелдер орамал орнына бонамен кірсе бола ма? Жауап: Иә, дәретханаға басы жабық күйде кіру мүстаһаб. Әйелдердің бонамен кіруі жеткілікті болады.
Дәретханада отырған кезде Сұрақ: Дәретханада отырған кезде сүннет болған отырыста екі қолды ма, әлде бір қолды ғана бетке қою керек пе? Жауап: Қалыпты жағдайда оң қолды оң бетке, сол қолды сол бетке қою керек. Сүннет болғаны осылай қою. Егер бір қолды қолдану қажеттілігі бар болса, оң қол бетте қалып сол қолды қолдану дұрысырақ болады.
Дәретханаға кірерде Сұрақ: Дәретханаға кірерде Әузу-Бисмиллаһ айтуды ұмытқан адамның ішке кіргеннен кейін айтуына болады ма? Жауап: Иә, әурет жерін ашпай тұрып айта алады, өйткені жалпы осы күнгі дәретханаларда ашық түрде ластық болмайды. Басқа оқитын жер табылмаса, мәжбүр жағдайларда дәретханада намаз да оқылады. |