19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің сыры

Денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің сыры

 

Кәрі бір ғалымнан ұзақ өмір сүруінің сырын сұраған кезде, ол: «Біз екі күнде үш рет тамақ жейміз. Тағамдарды жақсылап пісіреміз, жақсылап шайнап болмағанша жұтпаймыз, қарын ашпай тұрып ештеңе жемейміз, тәбетіміз әлі бар кезде дастарханнан тұрамыз. Таңғы асты ерте жейміз, кешкі асты кеш жейміз, тоқ қарынға ұйықтамаймыз» деді.

 

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

«Денсаулық үшін және ұзақ өмір сүру үшін жұбайына қажеттілік кездерінде ғана жақында. Жыныстық қатынастың көп болуы денеге, аз болуы рухқа зиянын тигізеді. Айына бір рет ішті өткізетін бір нәрсе қабылда, жылына бір рет қан алдыр.»

Қатты қайғыру және өте қатты қуану адамға зиянды, қанды қоюлатуы мүмкін. Бос жүрмеу керек, бір іспен айналысу керек.

Ауруға себеп болатын мына нәрселерден сақтану қажет:

Түнде аз, күндіз көп ұйықтау, тоқ қарынға тамақ жеу, дәретхана қажеттілігі туындағанда зәрді ұстау және жиі-жиі жыныстық қатынасқа түсу.

 

Мына уақыттарда су ішпеу керек:

Моншадан шыққан кезде, ұйқыдан оянғанда, жимадан (әйелімен қосылғаннан) кейін және терлеп тұрған кезде.

Аш қарынға су ішпеу керек. Суды ақырындап, асықпай ішу керек. Ауыз толтырып, судың барлығын бір жұтыммен ішпеу керек. Үш демде бір ішу керек. Тыныс алғанда демді суға емес, стаканның сыртына шығару керек. Өте мұздай су ішпеу керек. Түнде ұйқыдан оянған кезде су ішу денсаулыққа зиян.

Аяқта түрегеп тұрғанда және жүріп баражатқанда ештеңе жемеу керек. Хадис шәрифте: «Адамның жүрегі егістіктегі егін сияқты. Ал тамақ жаңбыр сияқты. Шамадан артық су егінді шіріткені сияқты, көп тамақ жеу де жүректі өлтіреді» делінген. Көп тамақ жеу – аурулардың басы, емдәм ұстап аз тамақтану – шипаның көзі.

Асқазанның үште бірін тамаққа, үште бірін сусындарға ажырату керек. Қалған үште бірін ауаның үлесі қылып қалдыру керек. Тамақтанғаннан кейін тістерді мисуакпен тазалау сүннет. Аз тамақ жеу керек және аз ұйықтау керек. Тамаққа тойып, тоқ болып жатпау керек. Хадис шәрифте: «Тоқ болып жатпаңдар, жүректерің қатаяды» делінген. Сонымен қатар мүминнен қалған тамақта және жомарт адамның асында шипа бар. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Мүминнен артылған тамақ – шипа.» (Фәтәуаи Күбра, әл-Мәдхал)

«Жомарт адамның тамағы шипа, ал сараңның тамағы ауру.» (Хатиб)

Гүлді иіскеген кезде салауат айту керек. Өйткені сүйікті пайғамбарымыздың мүбәрәк тері гүлдің иісіндей хош иіс шығаратын еді. Хадис шәрифте: «Үш нәрсе денені қуаттандырады: әдемі иістер, жұмсақ матадан әдемі киім және бал жеу» делінген.

Медицина тұрғысынан зиянды болған нәрсеге діни тұрғыда да тыйым салынған. Қыстыгүні суықта қалып жаурау, жаздыгүні күн астында ұзақ қалып ауруға шалдығу күнә. Күннің ыстық сәулесі астында қалудың әсіресе көздің саулығына қауіпті екені, қатерлі ісікке себеп болатын ультра күлгін сәулелерінің озон қабатынан сүзілмей келетіндігі білдірілген. Хадис шәрифте былай делінген:

«Күн астында ұзақ тұрмаңдар! Күн сәулесі киімді тоздырады, түссіздендіреді, ауруларға да жол ашады.» (Хаким)

 

Ғасырлар бұрын өмір сүрген бір дәрігер былай деген:

Ауырмай тұрып дәрі қолданбау керек!

Өз сабағында жетіліп піскен жемістерді және жас малдың етін таңдаған жөн!

Тамақ жақсылап піскен болу керек. Жеген кезде жақсылап шайнау керек! Көңіл қалаған тағамдарды жеу керек!

Тоқтық ұмытшақтыққа жол ашады. Жүректі соқыр қылады.

Тамақ алдында су ішпеу керек. Тамақтанғаннан бір сағат өтпегенше су ішпеу керек, өйткені денсаулыққа зиян.

Кіші және үлкен дәретті қысып ұзақ ұстамау керек! Дәретхана қажеттілігі туындаған кезде дереу бару керек. Өзен ағысын бекіткен кезде жиналған су айналаны қалай бұзатын болса, зәрді ұстап жүру де ағзаны бұзады.

Күндіз тамақтанғаннан кейін біраз ұйықтап алған жақсы болады!

Кешкі астан кейін аз болса да біраз серуендеместен ұйықтамау керек! Арабтарда «Таңғы астан кейін жатып мызғып ал, кешкі астан кейін серуенде» сөзі әйгілі. Екі хадис шәрифтің мағынасы:

«Кешкі асты тәрк ету қартаюға себеп болады.» (Ибн Адий)

«Бір уыс жаман құрма жесеңдер де кешкі асты тәрк етпеңдер!» (Тирмизи)

Таңғы асты ішпестен сыртқа шықпау керек! Өйткені таңғы асты ішкен адам қарапайым және салмақты болады, сонымен қатар базарда көрген әр нәрсеге көңілі ауып кете бермейді.

Әһли хикмет ғұламаларының бірі толық бір кісіге ауыспалы мағынада: «Үстіңдегі барқытты кім тоқыды!» дейді. Ол: «Нанның өзін, жас мал етін жеумен, қоғажаймен майланып жұмсақ киім кию арқылы тоқылды...» деп жауап береді.

 

Төрт нәрсе денені қуаттандырады:

Ет пен бал жеу, әдемі иістер себіну, жыныстық қатынасқа түспей көп жуыну, жұмсақ матадан әдемі киімдер кию.

 

Төрт нәрсе денені әлсіретеді:

Көп ойлану, өте қышқыл нәрселер жеу, аш қарынға көп су ішу, көп жыныстық қатынасқа түсу.

 

Төрт нәрсе көзді қуаттандырады:

Сүрме жағу, жасыл түске, ағын суға және халал болған әдемі, сұлу адамның жүзіне қарау.

 

Төрт нәрсе көздің нұрын азайтады:

Ластыққа қарау, жазаланып жатқан адамға қарау, халал болса да әйелінің әдеп мүшесіне қарау, Құбылаға арқасын қаратып отыру.

 

Төрт нәрсе ақылды көбейтеді:

Шамадан артық және қажетсіз сөйлемеу, мисуак қолдану, салихтармен, ғалымдармен бірге болу, күнә істемеу.