19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Көшеде жүру әдебі

Көшеде жүру әдебі

Сұрақ: Дінімізде көшеде жүру әдебі де білдірілген бе?

Жауап: Дінімізде кемшілік жоқ. Жүру, отыру, тұру, жату, сөйлеу әдебі сияқты адамға пайдалы немесе зиянды болған әр нәрсе ең нәзік егжей-тегжейлілігіне дейін білдірілген. Басқа діндерде мұндай нәрселер жоқ. Жүру әдебіне қатысты Құран кәрімде былай делінген:

«Тәкаппарланып жүрме!» (Лоқман 18)

«(Тым ақырын емес, жүгіріп те емес) орташа жылдамдықпен жүр!» (Лоқман 19)

«Рахман болған Аллаһу та’аланың (салих) құлдары жер бетінде салмақты және қарапайым болып жүреді.» (Фурқан 63)

«Жер бетінде тәкаппарланып жүрме, өйткені сен кібірленетіндей жерді қопара алмайсың және таудай биік емессің.» (Исра 37)

Хадис шәрифте де былай делінген:

«Көшеде жүгіріп жүру мүминнің қадірін түсіреді.» (Әбу Нуайм)

Көшеде, далада жүрген кезде үйлердің терезелеріне қарамау керек. Өткен-кеткен әйелдерге-қыздарға да қарауға болмайды! Көшеде үлкендердің және ғалымдардың алдында немесе сол жағында жүру әдепсіздік саналады! Лауазымы немесе білімі жоғары болғандар сол жақпен жүреді. Жүрген кезде оңның солға қарағанда үстемдігі бар. Бір жерге бара жатқанда жол екіге бөлінсе, сұрайтын да ешкім болмаса не істейміз? Оның жауабын мына хадис шәриф былай берген:

«Алдыңнан екі жол шықса, оң жағымен жүр» делінген. (Б.Арифин)

Әйелдер қандай да бір қажет жұмыспен көшеге шыққан кезде жолдың шетімен жүреді. Әйелдердің аяқ киімдері қарапайым болу керек, жүрген кезде дыбыс шығармайтындай, киінуімен өзіне назар аудартпау керек!

Сүйікті пайғамбарымыз әрқашан алдына қарап жүретін, жүрісі ақырын да емес, жылдам да емес еді. Хадис кітаптарында пайғамбарымыздың жүрісін білдіретін бірнеше хадис шәрифтердің мағынасы мынадай:

«Жүрген кезде (тік жүрмей) алдына біраз иіліп жүретін.» (Мүслим)

«Жүрген кезде оңға-солға мүлдем қарамайтын.» (Хаким)

«Жүрген кезде өте салмақты, бірақ жылдам жүретін еді.» (Ибн Сад)

«Құл және кедейлермен бірге жүретін еді.» (Хаким)

«Жүрісінен әлсіз және жалқау еместігі мәлім болатын еді.» (Ибн Асакир)

Жүру әдебіне қатысты басқа да хадис шәрифтердің бірнешеуі мыналар:

«Асамен жүру қарапайымдылықтың белгісі. Асамен жүрген адамның әрбір қадамына бір сауап жазылады.» (Дәйләми)

«Асамен жүру – мүминнің белгісі, пайғамбарлардың сүннеті.» (Дәйләми)

«Жүруден шаршаған адам жүрісін жылдамдатса, шаршағаны кетеді.» (Дәйләми)

«Кімде-кім, жануарына ауыртпалық болатын жерде түсіп жаяу жүретін болса, бір құл азат еткендей сауап алады.» (Хаким)