Көзге сүрме жағу
Сұрақ: Еркектердің көздеріне сүрме жағуы жаиз ба? Жауап: Ер адамның сәндену, әшекейлену үшін сүрме жағуы жаиз емес. Бірақ, емдік мақсатымен кешке сүрме жағуы жаиз болады. Кірпіктердің түспеуі үшін, көздің қуаттануы үшін сүрме жағу жақсы болады. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Исмидпен (тасымен) көздеріңе сүрме жағыңдар! Өйткені ол көзді қуаттандырады, кірпіктерді көбейтіп, ұзартады.» (Тирмизи) (Пайғамбарымыздың әр түні сүрме жаққаны білдірілген.) «Ең жақсы сүрме – исмид сүрме тасы. Өйткені ол көзді нұрландырады, кірпіктерді ұзартады.» (Нәсаи) «Көздеріңе исмидпен сүрме жағып жүріңдер, өйткені ол кірпіктерді ұзартады, көз іріңдерін кетіреді және көзді қуаттандырады.» (Табарани) «Сүрме жағу, жасыл түске және (халал болған) сұлу жүзге қарау көзді қуаттандырады.» (И.Суйути)
Сұрақ: Әйелдердің сыртқа шығарда сүрме жағуы дұрыс па? Жауап: Сүрме де макияж болып табылады. Бөтендердің көзіне макияжбен көріну жаиз болмайды. Әйел адам тек күйеуі үшін ғана сәндене алады.
Сұрақ: Сүннет ниетімен әйелдердің көздеріне сүрме жағуына болады ма? Жауап: Көздің саулығы тұрғысынан, сүннет ниетімен сүрмені жағуына болады. Мысалы, сүрмені кешке жатардың алдында жағып, таңертең жуып тастаса болады. Бөтендердің көруі харам болады. Бөтен адам үшін сәнденуі жаиз емес. |