Жұма күні ғұсыл алу
Сұрақ: Жұма күні ғұсыл алу уәжіп дейтіндер бар. Бұл жөнінде хадис те бар екен. Солай ма? Тағы да, жұма түні жүніп болғаны үшін ғұсыл алған адам да жұма ғұсылы сауабын алады ма? Жауап: Хадис шәрифті мүжтәһид ғалымдардың түсіндірмесінсіз оқу қателіктерге себеп болады. Жұма күні ғұсыл алу муәккад сүннет. Ол хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Жұма күнә ғұсыл алу уәжіп (яғни қажетті).» (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, И.Ахмед, И.Малик, Табарани, Дәйләми, И.Хиббан, Әбу Нуайм) Басқа бір хадис шәрифтің мағынасы да мынадай: «Жұма күні ғұсыл алу маған парыз, ал сендерге нәпіл (сүннет).» (Дәйләми) Бұл хадис шәриф алдыңғы хадис шәрифті түсіндіруде. Пайғамбарымыздың парыздан басқа орындаған амалдарының барлығына нәпіл делінеді. Ол істегені үшін бізге сүннет болады. Бес уақыт намаздың сүннеттері және басқа бүкіл сүннеттер – нәпіл. Жұма күні ғұсыл алу өте маңызды. Сүйікті пайғамбарымыздың бұл жөнінде көптеген хадис шәрифтері бар. Бірнешесінің мағынасы мынадай: «Жұмаға келетін адам ғұсыл алсын.» (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи) «Жұма күні ғұсыл алу бір апталық күнәларға каффарат (өтеу). Тіпті үш күн артығымен беріледі.» (Табарани) «Бір жұма келесісіне дейін, бес уақыт намаз да келесі намазға дейін істелген күнәларға каффарат болады. Жұма ғұсылы да осындай. Жұмаға бару үшін басылған әр қадам жиырма жылдық амалға тең. Жұмадан шыққан кезде де 200 жылдық амал сыйға беріледі.» (Бәйһақи) «Жұма күні ғұсыл алған адамның күнәлары кешіріледі.» (Табарани) «Жұма күні ғұсыл алған адам күнәларынан тазаланады, оған “Амалдарыңды жаңадан баста” делінеді.» (Дәйләми) «Жұма күні әйелімен жақындасқан адамға екі сауап бар. Біріншісі өзінің, екіншісі әйелінің ғұсыл сауабы.» (Бәйһақи) «Кімде-кім жұма күні ғұсыл алып мешітке ерте барып, хұтбаны тыңдап тыныш отырса, оның басқан әр қадамы үшін оған бір жылдық (нәпіл) ораза мен бір жылдық (нәпіл) намаз сауабы жазылады.» (Табарани) «Жұма күні ғұсыл алып алғашқы сағаттарында барған адам, бір түйе құрбан етіп садақа ретінде таратқанындай сауапқа қауышады. Кейінірек келгендерге сиыр, одан кейін келгендерге бір қошқар, одан да кейінірек келгендерге бір тауық сойып садақа ретінде таратқандай сауап беріледі. Ең соңғы келгендерге жұмыртқаны садақа қылып беру сауабы жазылады. Имам хұтбаға шыққан кезде періштелер де сауап жазуды тоқтатып, хұтбаны тыңдайды.» (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи) Жұма күні жүніп болғаны үшін ғұсыл алған адам жұма ғұсылы сауабына қауышады.
Бір амал үшін үш ниет Сұрақ: Жүніп болған адам жұма түні ғұсыл алса, ертеңіне сол күні айт болса, бұл адам әрі жүніптіктен тазалануға, сонымен қатар әрі жұма және айт ғұсылына ниет етсе, әрқайсысы үшін берілетін сауаптарына бөлек-бөлек қауышады ма? Жауап: Иә, барлығына ниет ететін болса, барлығының сауабына қауышатындығы Нимети Ислам кітабында жазылған. «Жүніптіктен құтылу үшін жуынғандарға да сауап беріле ме екен?» дейтіндер де кездеседі. Жүніптіктен құтылу үшін ғұсыл алу парыз. Парызды орындаған адам өте үлкен сауапқа қауышады. Бір хадис шәрифтің мағынасы: «Жүніптіктен құтылу үшін ғұсыл алған адамға үстіндегі қыл санындай сауап беріледі, сонша күнәлары кешіріледі, жәннаттағы дәрежесі көтеріледі. Ғұсылы үшін оған берілетін сауап, дүниеде бар болған барлық нәрседен қайырлы болады. Аллаһу та’ала періштелеріне “Қараңдар, бұл құлым түнде ерінбей тұрып, әміріме бағыну үшін ғұсыл алып жатыр. Куә болыңдар, оның күнәларын кешірдім және мағфирет еттім” дейді» (Ғунийа) Жұма күні үшін ғұсыл алу сүннет және үлкен сауап. Тіпті бұл ғұсылдың өте маңызды екенін білдірген хадис шәрифтер үшін парыз деген ғалымдар да бар. Екі хадис шәрифтің мағынасы: «Жұма ғұсылы әр мұсылманға уәжіп.» (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, И.Малик, И.Ахмед, Дәйләми, Табарани, Әбу Нуайм) «Жұма күні ғұсыл алған адам күнәларынан тазаланады, оған “(Қане, күнәсіз болып) амалыңды жаңадан баста” делінеді.» (Дәйләми)
Ғұсылда ниет Сұрақ: Жүніп болғанын ұмытқан адам жұма намазы үшін ғұсыл алса, таза болады ма? Жауап: Иә, таза болады. Өйткені Ханафиде ниет парыз емес, бірақ парыз сауабына қауыша алмайды. (С.Әбәдийа) |