Бастырылуға қарсы дұға
Сұрақ: Бастырылу деген не және одан құтылу үшін не істеу керек? Жауап: Бастырылу медицинада ұйқы салы деп аталады. Дәрігерлер қан айналымындағы ретсіздіктерден және психологиялық күйзелістерден туындайтындығын білдіріп былай дейді: Ұйқы кезінде физиологиялық сал жағдайы болады, бұлшықеттер қимылдай алмайды. Адам ұйқыдан оянған кезде әрекет ете алмайды, дыбыс шығара алмайды. Үстімізде ауыр жүк бар сияқты, үстімізге біреу отырып алған сияқты болады. Біраздан соң өздігінен өтеді. Бастырылудан құтылу үшін жатар кезде төсекке дәретпен жату керек. Әузу-бисмилләһ айтып, оң жағымен құбылаға қарсы жатып, оң алақанды бетіне қойып жату керек. Аят-әл курси, үш Ихлас, Фатиха, Фәлақ және Нас сүрелерін оқу керек. Одан кейін үш рет «Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә иләһә иллә һу» оқып, үшіншісіне «Әл хаййул қаййума уә әтубу иләйһ» деп қосу керек. Одан кейін он рет «Лә хаула уә лә қууата иллә билләһ» оқып, оныншысына «..һил алийил азыйм әлләзи лә иләһә иллә һу» деп қосу керек. Құрайш сүресін түнде жатарда 11 рет оқу керек. Төмендегі хадис шәрифтерде білдірілген дұғаларды оқу керек: «“Бисмилләһилләзи лә йәдурру мә’асмихи шәй ун фил әрди уә лә фиссама’и уә хуәссәми’ул алим” дұғасын азанда 3 рет оқыған адамға кешке дейін, кешке оқығанға азанға дейін ешқандай бәле келмейді.» (Ибн Мажа) «“Әузу бикәлимәтил-ләһит-таммәти мин шәрри мә халәқа” дұғасын оқыған адамға, сол жерден кеткенге дейін ешнәрсе зиян бере алмайды.» (Мүслим) Аяти хырзды да қырық күннен астам оқу керек және әрдайым өзімен бірге алып жүру керек. Дәрігерге көрініп, қажетті дәрілерді қабылдау да пайдалы. |