2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Зинақорлық үлкен күнә

Зинақорлық үлкен күнә

            Зина – ақылды және балиғат жасында болған еркек пен әйелдің некесіз қатынаста болулары дегенді білдіреді. Зина харам болып табылады.

Құран кәрімде былай делінеді:

«Зинаға жоламаңдар! Ол арсыздық, лас, төмен іс, жаман жол болып табылады.» (Исра 32)            «Мұсылмандарға айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан қорғасын!» (Нур 31, 32)             Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аллаһтың алдында зинадан үлкен күнә жоқ.» (Р. Насихин)

«Бір жерде зина және риба көбейсе, ол жердің халқы бәлеге ұшырайды.» (Хаким)

 

«Зинаның дүниеде үш зияны бар:

1-     Әдемілікті және жүздегі нұрды кетіреді,

2-     Кедейлікке жол ашады,

3-     Өмірдің қысқаруына себеп болады.

 

Ақыреттегі үш зияны:

1-     Аллаһу та’ала ашуланады,

2-     Қияметте есебі қатаң болады,

3-     Жаһаннам отында азап шегуге себеп болады.» (Табарани)

 

            Сұрақ: Қандай жағдайда зина болады?

            Жауап: Бір хадис шәрифте былай делінеді:

«Көздің зинасы – харамға қарау, құлақтың зинасы – әдепсіз (ұятсыз) сөз тыңдау, тілдің зинасы – балағат (ұятсыз сөздер) айту, қолдың зинасы өзіне халал болмаған әйелді ұстау, аяқтың зинасы – күнә болған жерлерге бару.» (Бұхари)

            Демек әр мүшенің өзіне тән зинасы болады. Мұрынның да зинасы болады. Бір хадис шәрифте: «Иіссу себініп сыртқа шыққан және сепкен иіссуының иісін білдіру үшін бір топтың жанынан өткен әйелге және оған қараған (оның иісін иіскеген) адамға зина күнәсі жазылады.» (Нәсаи)

            Бұл жердегі мұрынмен болған иіскеу зинасы. Егер әйелге қараған болса көз зинасы болады. Сүйсе ерін зинасын жасаған болады. Шәхуатпен немесе керексіз сөздер айтса тіл зинасын жасаған болады. Қолын тигізсе немесе қажеттіліксіз қол алысса қол зинасын жасаған болады. Бір хадис шәрифте былай делінеді: «Адамның басына темір қазықтың қадалуы, бөтен әйелге қолын тигізгеннен де жеңіл болады.» (Табарани, Бәйһақи)

            Сондықтан зинаның барлық түрінен аулақ болу керек. Құран кәрімде: «Зинаға жоламаңдар» деп бұйырылған. Бұл – зинаға апаратын барлық іс-әрекеттерден аулақ болыңдар деген сөз.