19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Неке және отбасы / Ерлі-зайыптылардың міндеттері

Ерлі-зайыптылардың міндеттері

Әйел ақысы

 

Әйелінің жақсы мінезді болуын қалайтын адам, алдымен өзі жақсы мінезді болуы керек! Құран кәрімде адамға келетін қиыншылықтар өзінің жасаған күнәларының себебімен келетіні білдірілген. Олай болса дініміздің әмірін орындап, тыйымдарынан ұзақ болғандар әйелімен жақсы қарым-қатынаста болады.

 

Фудайл бин Ияд хазреттері былай деген:

«Дінге сай болмаған іс жасағанымды әйелімнің мінез өзгерісінен аңғаратын едім. Дереу ол ісіме тәубе еткенімде әйелімнің мінезі де дұрысталатын. Осылай тәубемнің қабыл болғанын түсінетін едім.»  

Али-ул Хауас хазреттеріне әйелі ренжіген еді. Әйелі күйеуіне қырсығып бөлек ыдыс қолданып жүрді. Али-ул Хауас хазреттері бір күні жаңылысып әйелінің ыдысымен су ішіп қойғанында әйелі ыдысты сындырып тастайды. Хазрет «ыдысты не үшін сындырдың?» деп те айтпай, ешнәрсе болмағансып жүре беріпті. Осман әл-Хатиб хазреттерінің көршісі Нуреддин Шунидің айтып бергені: Бір түні сыртқа шықтым. Ескі төсенішпен оранып жатқан бір адамды көріп «Сен кімсің, бұл жерде не үшін жатырсың?» дедім. «Көрші бұл мен Осман әл-Хаттаб. Баламның анасы мені үйден қуып жібергені үшін көшеге шықтым, ашуы тарқағанша осында жатуды ұйғардым» деген екен.

Ибни Әбил Хамаили Сәури хазреттерінің әйелінің мінезі жаман еді. Күйеуіне аузына келгенін айтып оның мазасын қашыратын. Ол мубарек кісі өте сабырлы еді. Бір ретінде әйелінің мазалауынан құтылу үшін ұшып қашқан еді. Әйелі артынан қарап «Мынаған қара, ұшып қашумен менен құтылам деп ойлайды» деген екен. Біз сияқты жай адамдар ұша алмасақ та қашып болса да ұрыс-керістен, жанжалдан ұзақ тұруға тырысуымыз керек. Өзіміздікін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.

Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Мұсылман әйеліне ашуланбасын! Жаман мінезі болса, жақсы мінезі де болады.» (Муслим)

 

«Әйел – әлсіз жаратылыс. Әлсіздігін үндемеу арқылы жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін көрмеуге тырысыңдар!» (Ибни Лал)  

«Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі – мінезі ең жақсы болғаны және әйеліне ең жақсы, ең мейірімді мәміледе болғаны.» (Тирмизи) «Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болған адам.  Сендердің араларыңда әйеліне ең жақсы, ең қайырымды, ең пайдалы болған менмін.» (Нәсаи)

 

«Әйелінің және балаларының ақыларын өтемейінше адамның намаздары, оразалары қабыл болмайды.» (Мүршид-ун-ниса)  

«Күйеуі разы болғанға дейін әйелдің намаздары және ешбір жақсылығы қабыл болмайды.» (Табарани) «Намаздары қабыл болмайды» дегені, намаз борышынан құтылады, бірақ оған берілетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды дегенді білдіреді. Намаздары босқа кетеді деген сөз емес. Бір әйелден күйеуі разы болмаса әйел күнәсының жазасын тартқаннан кейін Жаннатқа кіреді. Жаннатқа тек кәпірлер кірмейді.

Мұсылманның күнәсі көп болса да, соңында міндетті түрде Жаннатқа кіреді. Құран кәрімде былай бұйырады:

 

«Жақсы әйелдер, Аллаһқа мойынсұнады және күйеулерінің ақыларын орындайды. Күйеулері жоқ кезде олардың намысын және мал-мүлкін Аллаһтың көмегімен қорғайды.» (Ниса 34)

Үйге келгенде әйеліне сәлем беріп хал-жағдайын сұрау керек, ренішімен қуанышына ортақ болу керек. Өйткені ол басқалардан үмітсіз және өзіңе ғана байланған жолдасың, дертіңе ортағың, көңіліңді көтеруші, бала тәрбиелеп жетілдіруші және түрлі қажеттіліктеріңді толықтырушы. Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Ақысыз (әділетсіз) әйелін ұрған адамның Қияметте дұшпаны мен боламын. Әйелін ұрған Аллаһқа және Расулына қарсы шыққан болады.» (Р. Насихин)

«Әйелдеріңді жәбірлемеңдер! Олар Аллаһу та’аланың сендерге берген аманаты. Оларға жылы мәміледе болыңдар, жақсылық жасаңдар!» (Муслим)

 

«Әйеліне күлімдеп қараған еркектің амал дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады.» (Р. Насихин)«Әйелімен жақсы мәміледе болып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу та’ала жақсы көреді, ризықтарын арттырады.» (И. Лал)

Әйелдердің жұмыс істеуі

 

Садети Әбәдия кітабында былай делінген:

«Бір әйелдің әкесі, шешесі және махрем туыстары жоқ болса немесе бар бірақ кедей болса, қарайтын ешкімі болмаса, мемлекет те көмек бермесе, бұл әйел өзінің, балаларының және ауру, кәрілік себебімен жұмыс істемейтін кедей әке-шешесінің нафақаларын (тамағы, киімі, тұратын жері) қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге міндетті. Еркектермен аралас болмаған әйел жұмысында істеуі керек. Еркек жоқ жұмыс табылмаса, денсаулығын, дінін, намысын, Мұсылмандық қадірін қорғай алатын мөлшерде, еркектер бар жерде оранған күйде жұмыс істеуі жайыз болады. Бұл нафақасын қамтамасыз етуіне кедергі болмау керек. Мұндай қажеттіліктерден артық ол жерде қалу жайыз болмайды.

 

Жұмыста басын қолдарын ашуға мәжбүрлесе, ашпасаң жұмыстан шығасың десе, оранған күйде жұмыс істейтін басқа жұмыс таппаса, қолдарын ашып жұмыс істеуі Имам Әбу Юсуптың қауылы бойынша жайыз болады. Әйелдердің құлақтарынан төменгі ұзын шаштарын жабуы фарыз емес деген ғалымдар да болған. Басқа шара болмаған кезде бұл зайыф (әлсіз) қауылымен амал ету жайыз болады. Бастағы шаштарды жабу фарз екені ғалымдардың ауызбірлігімен білдірілген болса да, құлақтан төменгі ұзын шаштарды ашу қиыншылыққа түсу себебімен жайыз болады.

Мұндай қиыншылыққа түскен әйел әркез еркектермен аралас болмаған немесе оранып жұмыс істеуге болатын жер іздеуі керек. Көшеде жүргенде шаштарын, қолдарын жабуы керек. Мұсылман еркекке тұрмысқа шыққанда оның нафақасын күйеуі қамтамасыз етуге мәжбүр. Бай болмаған әке-шешесіне және балаларына нафақа беруге міндетті болмаса да күйеуінің рұқсатымен жұмыс істеп оларға қарауы керек.»

Дінімізде әйел күн көріс дертінен, табыс табу уайымынан босатылған. Ол жұмыс істеп ақша табуға мәжбүр емес. Керісінше барлық нәрсені оның аяғына алып келу мәжбүрлігі бар. Дініміз әйелге осындай қадір берген.

Мұсылман әйел сауда-саттық, ғылым, егіншілікпен айналысуға мәжбүр болмаса да, бұлармен шұғылдануы, ақша табуы күнә емес, өз қалауымен жұмыс істей алады.

Тек бұлармен шұғылдануда харамдардан сақтануы шарт. Харам істей отырып еңбек етуге де ғибадат жасауға да болмайды.

 

Күйеу ақысы

 

Еркектің де ақылары көп. Әйел күйеуімен жақсы мәміледе болуы керек!

 

Заманымыздың жұмыс істеу шарттары өте ауыр, ақша табу өте қиын. Жұмыс ұжымындағы ара-қатынас та шиеленісіп жатады. Еркек көбінесе осындай ауыр жағдайлардан күйзеліп қиыншылық тартады. Шаршап-шалдығып, стреске ұшырап, үйіне әбіржіген күйде келеді. Ендігі бұл жағдайды түзеу, қиыншылықтарын ұмыттыру, оның көңілін көтеру, оған көмекші болу, қолдау әйелдің мойнына түседі. Осындай жағдайда үйге келген күйеуі ең азынан жылы шыраймен жағымды сөз күтеді, өзіне көңіл бөлуін қалайды. Бұны да көре алмаса жағдайы одан төмен түсіп кетеді. Сөздері әрекеттері де өзгереді. Ислам ғалымдары «үйінде тыныштығы болмаған еркек дүние Жаһаннамында жүргенмен тең» деген.  

Осыншама азапта жүрген адамнан әртүрлі нұқсан әрекеттер күтуге болады. Әйел онсыз да толып келген жүйке ыдысын тасытатын соңғы тамшы болмау керек. Керісінше дереу жылы шырай танытып, көңілін аулауға кірісуі керек. Оны түсінуге тырысуы, сабыр етуі керек. Ол үйде болған кезде үй тірлігіне де қарамау керек, оның көңілін көтеріп оны қуанту керек. Үй тірлігі т.б. жұмыстарды ол болмаған кездерде жасауы керек.Тұрмыстағы әйелдерге әрдайым айтатын кеңесіміз мынау: сырттқы дүние отқа толы, күйеулеріңе ие болыңдар, жақсы мінездеріңмен, жылы сөздеріңмен, дәмді тағамдарыңмен, үй тазалығы, тиянақтылығымен немесе күйеулерің ұнататын амалдар арқылы оны үйге байлаңдар. Ол үйге қарай қадам басу үшін жанталасып асығатын болсын. Ұяны ұрғашы құс жасайды, үйді де үй ететін әйелдер осыны ұмытпаңдар.

Ислам ғалымдары «шайтан кәпірлермен емес, Мұсылмандармен әлек» деген. Нәпсіміз қатты құтырады. Қалай құтырады? Орануға, намазға, дұрыс сенімге қарсы құтырады. Шайтан әскерлерін таңертеңгісін жіберіп кешке есеп алады екен. Біреуі намазын бұздырдым десе, жарайды депті. Біреуі оразасын бұздырдым десе, оған да жарайды депті. Біреуі харам жегіздім дегеніне де жарайды депті. Басқа біреуі күйеуімен әйелін араздастырдым дегенде шайтан қуанып, орнынан атып тұрып, жарайсың депті, маңдайынан сүйіп, ең үлкен істі сен атқардың, араздасатын болса қалғанының бәрі уақыт өтуімен бұзылады деген екен.

Сондықтан әрдайым сақ жүру керек, шайтанмен нәпсінің мұндай әрекетіне жол бермеу керек.

Ислам тек әйелге келмеді, тек күйеуге де келмеді. Тек ата-анаға да келмеді, бүкіл адамзатқа келді. Барлық адамдар Исламға мойынсұнуға міндетті. Кім Ислам бойынша жүретін болса дүниеде де, ахыретте де бақыт табады, пайдасын көреді. Егер машинаның бір дөңгелегі жарылған болса машина жүрмейді. Сағаттың да бір тісі сынса істемейді немесе дұрыс жүрмейді. Сол сияқты жанұяда да бір адамның қатесі, кемшілігі бүкіл жанұяның тыныштығын, бақытын бұзады, тіпті ұяның бұзылуына да әкеп соғуы мүмкін.

Сондықтан әркім өзіне мұқият болуы керек, өз міндетін білуі керек, шектен аспауы керек, кемшілігі болса кешірім сұрап жаңа парақ ашып қуанышпен өмірді ары қарай жалғастыруы керек. Дінімізде ренжітуге тыйым салынғаны секілді, ренжуге де тыйым салынған, Мұсылманға үнемі жақсы көзбен қарау керек, кемшілігін көрмеу керек. Мен білмейтін бір себебі болса керек деп оны кешіру керек, тілімен де оны ренжітпеу керек. Кешірген кешіріледі, жақсы көрген жақсы көріледі.

Күйеуіне қолынан келгенше жылы шырай көрсетіп, сүйіспеншілігін білдіру керек, тілімен де оны ренжітпеу керек. Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Қияметте Аллаһу та’ала күйеуін тіліменен жәбірлеген әйелдің тілін 70 аршын ұзын етіп мойнына орайды. Күйеуіне жаман көзбен қараған әйелді басы кесілген, денесі бөлшектенген күйге айналдырады.» (Шира)

 

Әйелге әшекей бұйымдар мубах саналады. Алайда әшекей алу үшін күйеуін қиын жағдайға түсірмеуі керек, бөтендерге әшекейлерін көрсетпеуі керек! Сонда ғана әшекейлері Жаннатқа кіруге кедергі болмайды. Хадис шәрифте былай бұйырады:  

«Жаннатта әйелдердің аз болғанын көрдім. Себебін сұрадым “Оларды алтын және әшекей бұйымдары алдандырды” деді.» (И. Ахмет)«Сенен не көрдім» деп күфрани нимет (жақсылықты түсінбеушілік) етпеу керек! Екі хадис шәрифте былай айтылады:

 

«Егер күйеулеріне күфрани нимет етпегенде, намаз оқыған әйелдер дереу Жаннатқа кіретін еді.» (Шира)  

«Жаһаннам халқының көпшілігін әйелдер құрайтынын көрдім. Себебі көп лағынет айтып күйеулеріне қарсы күфрани нимет етуі.» (Бұхари)

Күйеуіне бір жақсылық жасаған болса міндет етпеуі керек. Азық-түлік, киім-кешек сияқты мәселелерде күйеуін ренжітпеуі керек, орындай алмайтын нәрсені одан сұрамауы керек! Күйеуінің намысын қорғауы керек, әркез оның разылығын алып оны қуантуға тырысуы керек! Хадис шәрифте былай бұйырады:

 

«Әйел мойнындағы күйеу ақысы, сендердің мойныңдағы менің ақым секілді. Олай болса күйеуінің ақысын орындамаған әйел, Аллаһу та’аланың ақысын орындамаған болады.» (Шира)

Әйел күйеуін ренжітпеуі керек.

Бір күні хазреті Фатима, әкесінің алдына жылап келеді. Расулуллаһ алейһиссалам:

-          Ей Фатима, неге жылап тұсың?-деді.

-          Ойланбай айтқан сөзіме Али ашуланды. Мен кешірім сұрадым. Бірақ оны ренжіткенім үшін жылап тұрмын.

-          Қызым білмейтін бе едің, Аллаһу та’аланың разылығы күйеуіңнің разылығына байланысты. Әрдайым күйеуінің разылығын іздейтін, күйеуі де одан разы болған әйел ең бақытты әйел. Әйелдер үшін ең үлкен ғибадат күйеуіне мойынсұнуы. Күйеуі әйелінен разы болса ол әйел қалаған есігінен Жаннатқа кіруге құқылы болады. Күйеуін ренжіткен әйел оны разы еткенге дейін Аллаһу та’аланың лағынетінде болады.» (Р. Насихин)

Күйеуінің ақысына мән беріп орындаған әйел жихад еткендей сауапқа кенеледі. Хадис шәрифтерде былай бұйырады: 

«Күйеуінің ақысын орындау Аллаһ жолында жихад ету секілді.» (Табарани)

«Әйел күйеуінен рұқсатсыз нәпіл ораза тұта алмайды. Егер рұқсатсыз тұтса аш және сусыз жүрген болады, сауап жазылмайды. Күйеуінің рұқсатынсыз сыртқа шыға алмайды. Шықса көктегі періштелер үйіне қайтқанға дейін лағынет айтады.» (Табарани)

«Еркек қажеттілігі үшін әйелін шақырса, әйелі тандыр басында болса да дереу жауап берсін!» (Тирмизи)

«Күйеуі шақырғанымен төсекке келмеген әйелге періштелер таңға дейін лағынет айтады.» (Бұхари)

 

«Әйел, күйеуінің рұқсатынсыз өз малын да жарата алмайды.» (Табарани)

 

«Рұқсатсыз үйден шыққан әйелге күйеуі разы болғанға дейін жер бетіндегі барлық нәрсе лағынет айтады.» (Дәйләми)

«Әйел күйеуінен рұқсатсыз ешкімді (әке, шеше, бауырларын да) үйіне кіргізе алмайды, нәпіл намаз оқи алмайды.» (Табарани)

«Әйелдеріңнің сәнді киінулеріне тыйым салыңдар! Бәни Исраил әйелдері сәнді киініп мешітке тәкаппарланып барғандары үшін лағынеттелген еді.» (Ибни Мажа)

«Күйеуі разы боғанға дейін әйелдің намаздары және ешбір жақсылығы қабыл болмайды.» (Табарани)

 

«Әйел күйеуінің ақысын өтемейінше Аллаһу та’аланың ақысын өтеген болмайды.» (Табарани)

«Әйелдің ең үлкен міндеті күйеуінің ақысын орындау, ал еркектің міндеті анасының ақысын орындау.» (Хаким)

«Намаздары қабыл болмайды» дегені, намаз борышынан құтылады, бірақ оған берілетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды дегенді білдіреді. Намаздары босқа кетеді деген сөз емес. Бір әйелден күйеуі разы болмаса әйел күнәсының жазасын тартқаннан кейін Жаннатқа кіреді. Жаннатқа тек кәпірлер кірмейді.

 

Мұсылманның күнәсі көп болса да, соңында міндетті түрде Жаннатқа кіреді. Ерлі-зайыптылар жақсы қарым-қатынаста болып бір-бірлерінің разылығын алуға тырысуы керек.