Маңызды ескерту |
|
Құран кәрімді түпнұсқасынан (арапшасынан) оқи алмайтындар үшін, жаттауға оңай болуы үшін сүре және дұғалар кирилл әріптерімен жазылған. Бірақ сүре және дұғаларды кирилл әріптерімен дұрыс оқу мүмкін емес. Сондықтан бұларды жаттағаннан кейін бұларды жақсы білетін кісінің аузынан тыңдап, қателерін жөндеп алуы керек. Намаз сүрелерін мағынасы бұзылатындай етіп қате оқу, намаздың бұзылуына әкеп соқтырады. Осы себепті сүремен дұғаларды дұрыс жаттауға мән беру керек. Міндетті түрде білетін кісіге тексертіп, қателерін түзету керек. Дұрыс оқылмаған кезде Құран кәрімнің мағынасы өзгеріп, күпірге себеп болатын мағыналар шығатын жағдайлар өте көп. Мәселен “халәқ” сөзі, “Х” әріпімен оқылғанда жаратушы, “Һ” әріпімен оқылғанда шаштараз (шаш алушы) деген мағынаға келеді. Бұлай қате оқылған кезде мәселен “Ясин” сүресінің 81 аятындағы «Оның жаратқандары өте көп. Ол барлық нәрсені біледі» деген сөзі «Ол шаштараз, ол барлық нәрсені біледі» деген мағынаға өзгеріп кетеді. Арапша әріптердің бірнешеуі кириллл әріптерінде жоқ. Арапшада үш түрлі “С”, үш түрлі “З” әріпі бар. Біреуі қалың “Зы”, екіншісі жіңішке оқылатын “Зә”, үшіншісі (пәлтек) “Зәл”. Бұлардың үшеуі де үш түрлі оқылады. Руку тәсбихінде “Зы” әріпімен “азыйм” деп қалың оқылады, бұл “Раббым ұлық” деген мағынаны білдіреді. Ал егерде “Зә” әріпімен оқылса, яғни “әзим” деп оқылса, “раббым менің дұшпаным” деген мағынаға келеді. Құран кәрімді кириллл әріптерімен үйреніп оқыған адам бұл үш түрлі әріптерді ажырата алмағандықтан намазы сахих болмайды. Сондықтан әрбір мұсылман міндетті түрде намазын оқи алатындай мөлшерде сүрелерді, дұғаларды, дұрыс оқуды білетін біреуден үйренуі керек. Бұларды кириллл әріптерімен дұрыс жаттау мүмкін емес. Құран кәрімді де арапшасынан оқу керек. Арапшасынан оқылмайтын болса сауап аламын деп отырып күнәға, тіптен күпірге де кіру мүмкін. |