29 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     30 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Ниғмет

Жақсылық, ризық, бақыт.

Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай деген:

«Әр ниғметтің шүкірінен міндетті түрде сұраласыңдар.» (Тәкәсур сүресі 8)

«Аллаһу та’ала бір құлына ниғмет бергенінде, ол ниғметтің белгісін (әсерін) сол құлдың үстінде көргенін қалайды.» (Хадис шәриф – Табарани)

«Бір мұсылманда үш нәрсе бар болса, Аллаһу та’ала оны сақтайды және қамқорлығына алады. Оны жақсы көреді және мейірім етеді. Бұлар: ниғметке шүкір ету, залымды кешіру, ашуланғанда ашуын жеңу.» (Хадис шәриф – Бәриқа)

Көбінесе молшылық және ниғметтер ішінде өмір сүретін адамдар осы ниғметтері қолынан кетпейінше оның құндылығын және қадірін түсінбейді. (Әли Хаууас Барлиси)

Ниғметтердің негізгісі – үш ниғмет. Біріншісі – бүкіл жақсылықтарды қамтыған ислам ниғметі. Екіншісі – өмір сүрудің негізі болған денсаулық және амандық ниғметі. Үшіншісі – адамға пайдалы болған (азғырмайтын) байлық. (Әбу Юсуф)

Адам үшін шашы мен сақалын иманмен және ғибадаттармен ағартуы неткен үлкен ниғмет. Ниғмет қаншалықты көп болса, соншалықты көп шүкір ету қажет. Байлардың бай болу дәрежелеріне қарай кедейлерден де көп шүкір етуі қажет. (Имам Раббани)

Қиыншылықтарға сабыр етпеген адамда разылық, ниғметтерге шүкіршілік етпеген адамда кемелдік жоқ. Аллаhу та’алаға ант етейін, арифтер (Аллаhтың сүйікті құлдары) Аллаhу та’аланы жақсы көру, тағдырына разы болу (Аллаһу та’ала тарапынан келгендерге разы болу) және берген ниғметтеріне шүкір ету арқылы мақсаттарына қауышқан. (Әбу Әли Сақафи)

Ниғметтердің ең абзалы – еңбек етіп тапқан табыс. (Әбул Хасан Харқани)