УәжіпОрындалуы парыз сияқты нақты әмірлер. Мұндай әмірлердің Құрандағы дәлелдері парыздардағыдай ашық емес. Құран кәрімде ашық білдірілмеген немесе бір сахабаның нақты білдіруімен түсінілген әмірлерге уәжіп делінеді. Уәжіптер занни дәлелдерге, яғни астарлы түрде бұйырылған дәлелдерге сүйенеді. Шафии мазһабында уәжіп делінген кезде фарз түсініледі. Үәжіпті тәрк ету тахримән мәкрух яғни харамға жақын мәкрух. Уәжіпті орындамаған адам тәубе етпесе тозақта азапталады. (Ибн Абидин) Намаздың уәжіптерінің бірін біле тұра орындамау намазды бұзбайды бірақ күнә болады. Ал ұмытып орындамаған адам сәһу сәждесін (ұмыту сәждесін) жасайды. Парыздың алғашқы екі рәкатында зәм сүресін (фатихадан кейін оқылатын сүрені) оқуды ұмытқан адам үшінші және төртінші рәкаттарында оқып, кейін сәһу сәждесін жасайды. Соңғы рәкатта отырмай орнынан тұрған адам сәжде етпей есіне түсетін болса дереу отырады, отыруды кешіктіргені үшін сәһу сәждесін жасайды. (Тахтауи) |