Нәфс (нәпіс)
Нәпіс сөзі жиырмадан астам мағыналарда қолданылады. Рух, жан, қан, менмендік, іш, көңіл, үлкендік, қалау т.б. Бірақ ең көп екі мағынасы қолданылады: 1) Жан, тіршілік. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деді: «Әрбір нәфс өлімді татады.» (Али Имран сүресі 185) 2) Адам мен жында жамандықтың көзі ретінде, шариғатқа яғни дінге қайшы келетін қалаулардың негізі ретінде жаратылған қуат бар. Бұған “нәфси аммара” (тәрбиеленбеген нәпіс) деп те айтылады. Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «Хақ та’аладан қорқып, нәпсінің (дінге қайшы) нәфсани қалауларынан өзін тыйған адамның барар жері міндетті түрде жаннат.» (Назиат сүресі 40) «Нәпсіңе дұшпандық ет! Өйткені, ол – менің дұшпаным.» (Хадис құдси – Мәктубат Раббани) «Ақылдылықтың белгісі нәпісіне ие болып, одан басым түсіп және өлгеннен кейін керек болатындарды дайындау. Ақымақтықтың белгісі нәпсіге беріліп, Аллаһтан кешірім және мейірім күту.» (Хадис шәриф – Бәриқа) "Нәпсін қадірлеген (көтерген) адам дінін құлатады. Нәпсін қорлаған адам дінін қадірлі етеді." (Мужаhид бин Жәбр) "Нәпіс – адамдардың өмір сүруі, көбеюі және дүниелік қажеттіліктеріне қол жеткізу жолында еңбек етулері үшін жаратылған. Аллаһу та’ала нәпісті осындай көптеген пайдалары үшін жаратқан. Бірақ адамдарға мейірім етіп нәпіске берілуді тежейтін, оған ие болып, зияндарына тосқауыл болатын ақылды да жаратты." (Шәрәфәддин Яхия Мунири) "Нәпіске берілуден құтылу – дүниелік ниғметтердің ең үлкені. Өйткені, нәпіс – Аллаһу та’ала мен құлы арасындағы перделердің ең үлкені." (Әбу Бәкір Тамистани) "Күнәлардан өзін тыю нәпіске ғибадат жасаудан да ауыр келеді. Сондықтан күнәлардан қашудың сауабы көбірек болады." (Имам Раббани) "Йа, Раббым! Нәпсімді маған жармастырма! Оған қарсы мені жәрдемсіз, жалғыз тастама! Нәпсім маған аяушылық танытпайды. Маған мейірімділік ете гөр! Ей, нәпсім! Қалауларыңды еш ұмытпайсың. Бірақ құлдық міндеттеріңді орындауға еш тырыспайсың. Ей, нәпсім! Есепке тартылатын қиямет күнінде қандай хәлде болатыныңнан еш қорықпайсың. Өткінші дүниені мәңгі және шексіз болған ниғметтерден артық көресің. Ей, нәпсім! Ешбір амал етпестен, еңбек етпестен ахиретте бақытқа қауышуды қалайсың. Бітпейтін арман, қалауларыңның соңына түсіп, тәубе етуді үнемі кейінге қалдырып кешіктіресің." (Аун бин Абдуллаh) "Аллаһ жолында нәпсімен бірге жүргісі келгендер бірінші қадамында-ақ қатеге ұшырайды. Нәпісін тәрк етіп ықыласпен барлық нәрседе Аллаһу та’аланың разылығын ойлап жолға шықса, Аллаһу та’ала оған өзіне қауыштыратын жол көрсетуші ғалымды кездестіреді." (Әли Мүзәййан) "Нәпіс – дұшпан. Дұшпанның тіліне кіріп, оның айтқанымен амал ету ақылды адамның ісі емес." (Әли Хафыз) "Махлұқтардың ең ақымағы нәпіс. Өйткені әрқашан өзіне зиянды болған нәрселерді ғана қалайды." (Сәйид Абдулхаким Аруаси) |