Нәфси натықа
Адамды үнемі жамандыққа және адамгершілікке жат, сұмпайы істерді жасатуға итермелейтін нәпіс. Нәфси аммараның бір көрінісі. "Адамның бүкіл жамандықтары нәфси натықада жинақталған. Нәфси натықа мүлдем жақсылық жасауды қаламайды. Әрқашан жамандық жасауды, өзіне және өзгелерге зиянды болған нәрселерді жасауды қалайды." (Әбул-Хусейн) "Натықа нәпісті әлсірететін бірден-бір шара – ислам дінінің әмірлері мен тыйымдарына мойынсыну. Харамдардың барлығы: дүниенің мал-мүлкіне, мансабына, зауықтарына құмар болу нәпістің азығы болып табылады. Оны қоректендіріп, қуаттандырады." (Имам Раббани) |