Сүннет
Жол, ереже, әдет деген имағыналарды береді. 1) Сүйікті пайғамбарымыздың мүбәрәк сөздері, істері және көрсе де кедергі болмаған нәрселер. «Ұмытылған бір сүннетімді қайта жандандырған адамға жүз шәһид сауабы беріледі.» (Хадис шәриф - Хадиқа) Он нәрсе сүннет болып табылады: «Мұртты қысқарту, сақал өсіру, мисуак қолдану, мазмаза (ауызды шаю), истиншақ (мұрынға су тарту), тырнақ алу, аяқ саусақтарын жуу, қолтық асты және қопал әурет жердің қылдарын қыру, сумен истинжа (алдан және арттан шыққан нәжісті тазалау).» (Хадис шәриф – Тәбйинул-Хақайық) 2) Дін үкімдерінде дәлел, діннің қайнар көзі болып саналатын негізгі төрт дәлелдің бірі. Хадис шәрифтер. "Әдилләи шәрийа (шариғаттың дәлелдері) деп аталатын дін үкімдерінің қайнар көзі төртеу: Құран кәрім, Сүннет, Ижма-и үммет (бір ғасырда өмір сүрген Құран кәрім және хадис шәрифтерден мағына шығара алатын мүжтәһид деп аталатын терең білімді ғалымдардың діни мәселелер үкімінде бірігуі және ижтиһадтарының бір-біріне сәйкес келуі) және Қияси фуқаха (үкімі, мағынасы насста яғни Құран кәрім мен хадис шәрифтерде мағынасы жабық, жасырын болған үкімді, үкімі ашық білдірілген және бұған ұқсаған басқа мәселенің үкімімен салымтыру арқылы түсіну)." (Ибн Абидин) "Сүннет – Құран кәрімнің тәфсирі, түсіндірмесі. Мазһаб имамдары (Ханафи, Шафии, Малики, Ханбали) сүннетті ашып түсіндірген. Дін ғұламалары да мазһаб имамдарының сөздерін ашып берген. Қияметке дейін осылай болады. Сүннет болмағанда: суларға қатысты мәселелер, дәрет алу (тазалану) мәселелерін, намаздардың қанша рәкаттан тұратынын, рүку және сәждеде оқылатын тәсбихтерді, айт және жаназа намаздарының қалай оқылатынын, оразаның, қажылықтың парыздарын және неке, құқық мәселелерін ешбір ғалым Құран кәрімнен таба алмас еді және үйрене алмайтын еді." (Имам Шарани) 3) Шариғат яғни ислам діні. «Сүннетімді тәрк еткен адамға шапағатым харам болды.» (Хадис шәриф – Шәрхи Хадис Әрбаин) «Ислам діні әлсіз-ғарип болып басталды. Ақырғы замандарда да әлсіз-ғарип болып қалады. Сол әлсіз адамдарға сүйіншілер болсын! Олар адамдар бұзған сүннетімді түзелтеді.» (Хадис шәриф – Мәктубат) "Сүннетті өте жақсы білетін адам имам болады." (Қудури) "Сүйікті пайғамбарымыздың көрсеткен ислам дінінің жолымен және оның сүннетімен жүру үшін ең әуелі дұрыс иман келтіру керек. Сосын харамдардан сақтану керек. Парыздарды орындау керек. Мәкрухтардан сақтану керек. Содан кейін мүстаһабтарды орындау керек." (Имам Раббани) "Аллаһу та’алаға апаратын ең сенімді жол – барлық іс-әрекеттерінде және ғибадаттарында сүйікті пайғамбарымыздың сүннетіне мойынсұну болып табылады." (Әбу Әли Журжани) |