Сүннети Хасәнә
Алғашқы ғасырларда (Сүйікті пайғамбарымыздың және Оның достары сахабаларының заманында) түпнегізі өзгертілмей, кейінірек одан да өркендетілген мұнара, мектеп салу және кітап жазу сияқты ислам дінінің рұқсат еткен, тіпті әмір еткен жақсы және пайдалы істері. «Бір адам ислам дінінде сүннети хасәнә істесе, мұның сауабына және мұны істегендердің сауабына қауышады.» (Хадис шәриф – Сахихи Мүслим) "Мұнара жасау – мүстаһаб болған сүннети хасәнә. Өйткені муәззиннің азанды жоғарыға шығып оқуы сүннет. Мұнара бұл сүннетке жәрдем беруде." (Абдулғани Наблуси) "Ислам ғалымдарының көбісі амалда бидғаттарды (дінде пайда болған жаңалықтарды) екі бөлімге бөлді. Сүннетке қайшы болмаған жаңалықтарға, яғни бірінші ғасырда сахабалардың заманында пайда болған, негізі бар нәрселерге “бидғаты хасәнә” (жақсы, ұнатылған бидғат (жаңалық)) деді. Негізі болмаған нәрселерге (дінде жоқ және ғибадат ретінде жасалған нәрселерге) “бидғат сәйия” (жаман бидғат) деді. Ал Имам Раббани хазреттері дінде негізі бар нәрселерге бидғат есімін араластырмады. Бұларға “сүннети хасәнә” деді. Мәуліт оқу, мұнара, кесене салу осыған жатады. Бидғат есімін тек қана дінде негізі жоқ нәрселерге берді." (Сәийд Абдулхаким Аруаси) |