Сүннети Муәккәдә
"Сүйікті пайғамбарымыздың үзбей орындаған, өте аз тәрк еткен амалдары мен ғибадаттары. Бұған “сүннети һуда” деп те айтылады.Бамдат, бесін және ақшам намазының сүннеттері және құптан намазының соңғы екі рәкат сүннеті "муәккәд сүннет" болып табылады. Сонымен қатар азан айту, қамат айту, жамағатпен оқу, дәрет аларда мисуак қолдану муәккәд сүннеттерден болып саналады." (Абдулғани Наблуси) "Намазда муәккәд сүннетін тәрк ету тахримән (харамға жақын) мәкрух." (Ибн Абидин) |