20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Сахих

Дұрыс, шарттарына сай орындалған іс немесе ғибадат дегенді білдіреді.

       «Бір амалдың, ғибадаттың сахих болуы басқа, қабыл болуы басқа. Ғибадаттардың сахих болуы үшін, өздеріне тән шарттары, парыздары бар. Бұлардан бірі нұқсан болса, тәрк етілсе, ол ғибадат сахих орындалған болмайды. Жазасынан, азабынан құтыла алмайды. Сахих (дұрыс) орындалып, бірақ қабыл болмаған ғибадат үшін азап берілмегенімен ол ғибадаттың сауабына қауыша алмайды. Ғибадаттың қабыл болуы үшін алдымен сахих болуы, кейін мына төрт шарттың болуы да керек. Ілім, ниет, хулус, яғни ықыласпен орындау және құл ақысын жемеуге мән беру. Имам Раббани рахметуллаһи алейһ былай дейді: "Бір адам пайғамбардың амалындай амал істесе, бірақ мойнында жарты данқ (яғни өте аз) мөлшерде құл ақысынан қарызы бар болса, мұны қайтармайынша Жаннатқа кіре алмайды."» (Абдулхаким Аруаси)