20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Алейһиссалам

Алейһиссалам

"Аллаһу та’аланың сәлемі болсын" деген мағынаны білдіретін көптеген пайғамбарлар және төрт үлкен періштелер үшін қолданылатын дұға және тағзым (құрмет) сөзі. Екі кісі үшін “алейһимәссалам”, одан да көп адамдар үшін “алейһимуссалам” делінеді.

Мұхаммед алейһиссалам:«Үмметімнің екі жаман мінезге ұшырауларынан қатты қорқамын. Бұлар – нәпсіге еру және өлімді ұмытып, дүниенің соңынан қуу» деді.(Хадис шәриф – Бәриқа)

Бақыт иесі деп сондай адамға айтылады, Әзрейіл алейһиссалам келіп, оған: “Қорықпа, Әрхамуррахиминге (Аллаһу та’алаға) бара жатсың. Негізгі отаныңа қауышасың. Үлкен ризықтарға кенелесің” дейді. Мұндай адамға бұдан асқан құрметті, қуанышты және бақытты күн жоқ.(Абдулһаким Аруаси)