Су-и зан
Жаман ойлау, жаман күмәнда болу. «Су-и зан етпеңдер. Су-и зан қате шешім қабылдауға себеп болады. Адамдардың жасырын нәрселерін іздемеңдер, кемшіліктерін көрмеңдер, дұшпандық және хасед етпеңдер, бір-бірлеріңді бауырдай жақсы көріңдер, бір-бірлеріңді шағыстырмаңдар. Мұсылман – мұсылманның бауыры.» (Хадис шәриф – Бәриқа) Мұсылмандарға суи-зан етпеу керек, жаман деп білмеу керек, ешкімді мазақ етпеу керек, дұрыс сөйлеу керек. (Имам Раббани) Ей, балам! Мұсылмандар жайында жаман ойлама. Су-и занды тәрк ет. Өйткені су-и зан сені ешкіммен дос қылмайды. (Лұқман Хаким) Бір адам көз алдымда бір қателік жасап, сосын жоғалып кетсе, оның тәубе еткеніне сеніп, ол туралы су-и занда болмаймын. (Ахмед бин Яхия әл-Жала) |