Тариқат
Тасаууф жолы – адамдарды рухани кемелдікке жеткізу, тәрбиелеу және жетілдіруді көздейтін тасаууф ұлыларының ұстанған жолы, мектебі. Хижри бесінші ғасырдан бастап жүйелене бастаған тариқаттардың жеке адам мен қоғам өмірінің қалыптасуына тигізген әсері мол болды. Адамдарға барлық нәрсені Аллаһ разылығы үшін жасалу керектігін дәріптеді. Рия және көзбояушылықтан алыс, көркем мінезді адам болуларына ықпалын тигізді. Менмендіктен, өзін жақсы көру және өркөкіректіктен құтқарды. Бірлік пен татулыққа қауышқан қоғамды қалыптастырды. Исламның таралуына іс жүзінде қызмет еткен тариқат жолындағы кісілер дүниенің бірқатар жерлеріне таралып, адамдардың исламды тануларына себепші болды. (Ислам Тарихы Энциклопедиясы) Тариқаттардың түрлі аттармен аталуы әр-түрлі болуларынан емес. Бірдей мүршидтің (жол көрсеткен ғалымның) шәкірттері бір-бірлерін танулары және мүршидтерімен танылулары үшін ұстанған жолына мүршидтерінің (ұстаздарының) есімін қойған. (Абдуллаһ Дәһләуи) Соңғы кездері тариқат деген атпен көптеген нәрселер ойдан шығарылды. Шынайы ислам ғалымдарының және пайғамбарымыз алейһиссаламды көріп, Оның сұхбатында жетілген асхаби кирамның білдірген тура жолы ұмытылды. Дінде сауатсыз болғандар, тіпті исламның әмірлеріне ашық түрде мойынсұнбайтындар шәйх және тариқатшы атын жамылып, зікір және ғидабат деген атпен дініміздің тыйым салған көптеген күнәларын жасады. (Абдулһаким Аруаси) |