Тасаууф
Ахлақ және көңіл ілімі. Көңілді (жүректі) жаман мінездерден тазартып, жақсы мінездермен безендіру дегенді білдіреді. Көңілде иманның орнығуы яғни әһли сүннет сенімінің көңілде берік орнығуы және шүбһә (күмән) келтіретін әсерлерде күйремеуі, нәфси аммарадан келген жалқаулықтардың және қиындықтардың кетіп, ғибадаттарды оңай орындап, ғибадаттардан ләззат ала бастауы. Аллаһу та’аламен болу, жақсы мінезді болу және діннің әмірлеріне мойынсұну. Тасаууф ұлыларының барлығы әһли сүннет сенімінде болған. Бидғат иелерінің ешқайсысы Аллаһу та’аланың марифатына (Аллаһу та’аланы тану іліміне) жақындай алмаған. Әулиелік нұрлары бұлардың көңілдеріне кірмеген. (Абдуллаһ Дәһләуи) Тасаууф иесінің үш қасиеті бар. Топырақ сияқты болады, жақсы адамға да, жаман адамға ізгілік етеді. Бұлт секілді барлық нәрсені көлеңкелейді. Жаңбыр сияқты жақсы көрілген адамды да, жақсы көрілмеген адамды да сулайды. (Харкуши Абдулмәлик бин Мұхаммед) Тасаууф дегеніміз хал болып табылады, сөз емес. Сөзбен қол жеткізілмейді. (Сәйид Абдулқадир Гейлани) Тасаууф – Расулуллаһ алейһиссаламның сүннети санийасына мойынсұну, артық сөйлемеу, артық жемеу және артық ұйқыны тәрк ету. (Алауддәулә Сәмнани) Тасаууф – адамды Аллаһу та’аладан алыстататын нәрселердің барлығын тәрк ету. (Әли бин Сәһл) Адамға қажет болған ең бірінші нәрсе Әһли сүннетке сай сену, кейін шариғатқа (діннің әмірі мен тыйымдарына) мойынсұну, содан кейін тасаууф жолында жоғарылау. (Мұхаммед Бақи-биллаһ) Қазірге дейін жеті жүз әулие тасаууф жайында түрлі анықтамалар берген. Осы анықтамаларды бір сөзбен түйіндеуге болады: “Тасаууф – уақытты ең қажетті болған нәрсеге жұмсау болып табылады.” (Әбу Саид Әбул-Хайр) |