Адийат сүресі
Құран кәрімнің жүзінші сүресі. Адийат сүресі, Мекке-и мукаррамада түсті. Мәдина-и мунаууарада түскендігі де айтылады. Он бір аяти кәримадан тұрады. «Ант етемін (Аллаһ жолында соғыс үшін жылдам) шапқан аттарға» деген бірінші аяти кәримадағы шапқан аттар деген мағынадағы “адийат” сөзі сүреге есім болған. Сүре пайғамбарымыздың соғысқа жіберген атты әскерлері кешігіп, мұнафықтардың (жүректерімен сенбегенімен ауыздарымен сендік дегендердің) олар өлтірілді деген хабар таратуына байланысты, тірі екендіктерін, тіпті жеңіске жетіп, ғанимет мүліктерін әкеле жатқандықтарын сүйіншілеп түскен сүре. Сүреде сондай-ақ адамдардың жақсылықтың қадірін білмеушілігі, шүкірсіздігі, мал-мүлікке, байлыққа берілгендіктері, өлгеннен кейін бастарына келетін қасіреттер жайлы айтылуда, Аллаһу та’аланың адамдардың барлық халдерінен хабардар екендігі ескертілуде. (Ибн Аббас, Табери) Аллаһу та’ала Адийат сүресінде былай дейді: «Сөзсіз адамдар Раббысының ниғметтерінің қадірін түсінбеуде (тым шүкірсіздік етуде). Шүбһәсіз ол (Аллаһу та’ала немесе адам) бұған куә. Шындығы ол (адам) мал-мүлікке деген махаббатына байланысты өте қатты және сараң.» (6-8 аяттар) |