АрафатМекке-и мукаррама қаласынан 25 шақырым оңтүстік-шығысында орналасқан және қажылық парыздарының бірі болған уақфа жасалатын қасиетті жердің атауы. Уақфа – бесін және екінді намазынан кейін біраз уақыт тұру деген сөз. Аллаһу та’ала аяти кәримада былай деген: «(Қажылық маусымында саудамен) Раббыларыңнан ризық сұрауда айып жоқ. Арафаттан (қайтқанда) Мәшари Харамның қасында (тәһлил және тәлбийә атып) Аллаһты зікір етіңдер, еске алыңдар. Ол сендерге қалай хидаят еткен болса, сендер де Оны солай еске алыңдар...» (Бақара сүресі 198) «Арапа күні Аллаһу та’ала Арафатта уақфа еткендерден разы болады. Сосын оларды періштелерге мақтан тұтып: “Істерін тастап бұл жерде жиналуларына қарағанда менен не қалайды екен бұлар?”дейді.» (Хадис шәриф – Мүслим) Қажылық парыздарының бірі – арапа күні Арафаттың “Уадии Урәнә” деген жерінен басқа жерлерінде де бесін және екінді намаздарынан кейін біраз уақыт уақфада тұру болып табылады. Арапа күні немесе түні Арафатта болмаған немесе Арафаттан өтпеген адам қажы болмайды. (Ибн Абидин-Мәуқуфат) Сүйікті пайғамбарымыз өмірінің соңына жақын мәшһүр уәда (қоштасу) хұтбасын Арафатта оқыды. Адам алейһиссалам мен Хауа анамыз жаннаттан шығып, жер жүзіне түскенде Арафат тауында кездесті. Бір риуаят бойынша бұл жерге осы себепті кездесу, табысу мағынасында Арафат делінген. (Зәркани) |