20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Ахир зухур (соңғы бесін немесе ихтият бесін)

Ахир зухур (соңғы бесін немесе ихтият бесін)

Жұма намазының төрт рәкат соңғы сүннетімен екі рәкат уақыттың сүннеті арасында оқылатын төрт рәкаттық намаз.Біздің аймақтарда бұл намаз соңғы бесін немесе ихтият бесін деп аталады.

"Қалада жұма намазы бірнеше мешітте оқылуына болады. Бірақ Ханафи мазһабының кейбір ғалымдарынан және үш мазһаб ғалымдарының көпшілігінен бір мешіттен басқа жерде жұма намазы оқылмайды дегендер бар. Сол себепті қала болып жұма намазы қабыл болмау күмәні болған жерлерде “Мойныма ең соңғы парыз болған бесін намазымның парызын оқуға” деп ниет етіліп ахир зухур намазы оқылуы керек." (Абдулхақ Дәхләуи)