20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Аллаһ (Жәллә жәлалуһ)

Аллаһ (Жәллә жәлалуһ)

Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен). Бар болуы міндетті, иман және ғибадат етілетін шынайы жаратушы. Барлық нәрсені жоқтан бар еткен илаһ.

Аллаһу та’ала затымен бар. Бар болуы өздігінен. Қазір бар болғанындай үнемі бар және үнемі бар болады. Бар болуының алдында және соңында да жоқтық бола алмайды. Өйткені Оның бар болуы қажетті. (Тәфтазани)

Аллаһу та’ала материя емес. Зат емес (элемент емес, қоспа емес, күрделі зат емес). Санаулы емес. Өлшенбейді. Есептелмейді. Онда өзгеріс болмайды. Мекенді емес (Мекенге мұқтаж емес). Бір жерде емес. Уақытқа тәуелді емес (уақытты ол жаратқан). Бұрынғысы, кейінгісі, асты-үсті, оңы-солы жоқ. Адамның ойы, адамның ілімі, адамның ақылы Оның ешнәрсесін түсіне алмайды. (Мәулана Халид Бағдади)

Бүкіл болмыстардың, әрбір мүшесінің, әрбір жасушасының жаратушысы, жоқтан бар етушісі тек Аллаһу та’ала. Ол ақылға, ойға келетіндердің бәрінен ұзақ. Ойымызға, қиялымызға не келсе де Ол емес. Тек Құран кәрімде тікелей өзінің білдірген сипаттарымен есімдерін жаттап, илаһтығын, ұлылығын осылармен растауымыз және айтуымыз керек. Ақылды және балиғат жасына жеткен еркек және әйел әрбір мұсылманның Аллаһу та’аланың Заттық және субути сипаттарын дұрыс үйренуі және сенуі керек. Адамдарға алғаш парыз болған нәрсе осы. Білмеу үзір бола алмайды,үлкен күнә болады. (Кемахлы Файзуллаһ)

Аллаһу та’аланың терісі, ұқсасы, ортағы, көмекшісі, қорғаушысы жоқ. Анасы, әкесі, ұлы, қызы жоқ. Христиандар Аллаһу та’алаға “Әке” деуде. Аллаһу та’алаға “Әке”, “Аллаһ әке” дегендердің иманы кетеді. Мұсылмандықтан шығады. (Кемахлы Файзуллаһ)

Аллаһу та’аланы Исламның білдірген есімдерімен атау керек. Аллаһ атының орнына тәңір сөзі қолданылмайды. Өйткені тәңір құдай деген мағынаны береді. (Яғни тәңір сөзін және басқа тілдердегі бог, god сияқты сөздерді құдай деген мағынада қолдануға болады. Бірақ) Аллаһ есімінің орнына қолдануға болмайды. (Сәйид Шәриф)

Жұма күні намаздан алдын дәретті, киімі таза күйде және көңілінен дүниелік ойларды шығарып екі жүз рет «Йа Аллаһу әл-махмуду фи фиалиһи» десе, Аллаһу та’ала оның ауруына шипа береді. (Юсуф Набхани)