Аят
Белгі, ишара, муғжиза, ғибрат. 1) Құран кәрімдегі сүрелерді құрайтын сөз және сөйлемдердің әр бірі. (Арапшада жекеше түріне айәт көпше түріне айат делінеді.) Аллаһу та’ала аяти кәримада былай деді: «Біз саған ап-анық (халал-харамды, дұрыс-бұрысты түсіндіретін) аяттар түсірдік. Оларды фасықтардан (кәпірлерден) басқалар жоққа шығара алмайды.» (Бақара сүресі 99) Құран кәрімде 114 сүре 6236 аят бар. Кей жерлерде аяттар санының 6236-дан аз немесе көп деп өзгертіліп айтылуы, ұзақ бір аяттың бірнеше қысқа аят деп көрсетілуінен немесе бірнеше қысқа аяттың бір аят деп саналуынан немесе сүрелердің басындағы «бисмиллаһ» сөзінің бөлек аят деп есептелуінен туындаған. (Әбулләйс Самарқанди) Аяти кәрималар қысқа және өзге тілге толық мағынасы қамтылып аудырыла алмайды. Муфәссирлер (тәфсиршілер) аяти кәрималарды аударған емес, ұзақ ұзақ тәфсирлеп ашықтауға, мағынасын ашуға тырысқан. (Ибн Хажар Мекки) Аяти кәрима жазылған қандай да бір қағаздың аят жазылған бөлігін дәретсіз ұстамау керек, ол қағазды белден төмен қоймау керек. (Хадими) Субхана раббикә аяти кәримасын, субхана раббина деп өзгертпей оқу керек. (Сәйид Абдулхаким Аруаси) 2) Аллаһу та’аланың бар екендігін, бір екендігін және құдіретін көрсететін белгі, ғибрат. Аллаһу та’ала аяти кәримада былай дейді: «Шүбһәсіз көктердің және жердің жаратылуында, түнмен күннің бір-бірінің артынша келуінде, адамдарға пайдалы нәрселерді теңізде ағызып тасыған кемелерде, Аллаһтың аспаннан түсірген суымен өлімнен кейін жер жүзін тірілтуінде, барлық жануарды ол жерде жетілдіріп жаюында, көкпен жер арасында (Аллаһу та’аланың әміріне ) мойын иген желдерді және бұлттарға бағыт беруінде ойланған қауым үшін көптеген аяттар бар» (Бақара 164) 3) Муғжиза «(Ақиқатты) білмегендер (немесе білсе де білмейтін болып көрінгендер) “Аллаһ бізбенен (сенің хақ пайғамбар екендігіңді айтып) сөйлессе, немесе (осы жөнінде) бізге бір аят келсе” деді. Олардан бұрынғылар да дәл осылар сияқты айтқан еді. Көңілдері (жүректері) қаншалықты бір-біріне ұқсапты. Бұл ақиқаттарды жақсылап білуді қалағандар үшін аяттарымызды ап-анық етіп көрсеттік.» (Бақара сүресі 118) |