21 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     22 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Азиз (Әл-Азиз)

Азиз (Әл-Азиз)

1) Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен). Әрқашан абыройлы, мәртебелі, құдіретті, жеңуші, ұқсасы жоқ, үлкен-кіші барлық нәрсе Оған қатты мұқтаж дегенді білдіреді.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Біліңдер, Аллаһу та’ала Азиз. Хаким (хикмет иесі) (Бақара сүресі 209)

Бір адам қырық күн және күнде қырық рет Әл-Азиз есім шәрифін айтса, Аллаһу та’ала оған жәрдем береді және оны үстем етеді. Махлұқтардан ешбіріне мұқтаж болмайды. (Юсуф Набхани) 

2) Қадірлі, мәртебелі,үстем.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген:

«Ей Мұхаммед! Айт: Ей мүліктің иесі болған Аллаһым! Мүлікті қалағаныңа бересің, қалағаныңнан аласың. Қалаған адамыңды азиз (абыройлы) етесің, қалағаныңды төмендетесің. Жақсылық тек сенің қолыңда. Дұрысы сен барлық нәрсеге құдіреттісің.» (Али Имран сүресі 26)

Біз төмен қауым едік. Аллаһу та’ала бізді Исламмен азиз (абыройлы) етті Абыройды Аллаһу та’аланың бізді мәртебелендірген (Исламнан) басқа нәрседен іздейтін болсақ, Аллаһу та’ала бізді бұрынғы қалпымыздан да төмен, мақара қылады. (Хазреті Омар)

Аллаһу та’аланың әмірі мен тыйымдарына мән беретін болсаңдар азиз (қадірлі) боласыңдар. Мән бермесеңдер масқара боласыңдар. Аллаһу та’аланың қадірлі еткен адамын ешкім кішірейте алмайды. (Әли Риза)

Аллаһу та’ала бір адамды азиз (қадірлі) еткісі келсе оған күнә істеткізбейді, кіші күнәларын санамайды, кешіреді. Оны жаннатына кіргізеді. Илаһи жамалын көруді нәсіп етеді. (Абдулхаким Аруаси)

Үш нәрсе бар, мұсылмандарды өте азиз (қадірлі) етеді: 1) Өзіне зұлымдық еткен адамды кешіру. 2) Өзіне ештеңе бермегенге беру, оған жақсылық ету. 3) Өзін іздемегендерді ізеп хал-жағдайларын сұрау. (Жафар Садық)

Дүниеде азиз, ахиретте құтылғысы келген адам тіліне ие болсын. (Жафар Садық)