АрифБілетін, таныған, кемеңгер ғалым, ілім және ирфан иесі. 1) Аллаһу та’аланың разылығына қауышқан, Одан басқаның сүйіспеншілігін көңілінен шығарған, тасаууфта жетілген, кемелдікке жеткен әулие кісі. Арифи биллаһ деп те айтылады. «Барлық нәрсенің қайнар көзі бар. Тақуаның (Аллаһу та’аладан қорқып, харамдардан, күнәлардан сақтанудың) қайнар көзі арифтердің көңілдері (жүректері)». (Хадис шәриф – Кунуз-ул-Хақаиқ) Ариф болған адамның белгісі үндемеуі, тәфәккуры (Аллаһу та’аланың ұлылығын ойлауы), көргендерінен ғибрат алуы және Аллаһу та’аланың разы болған (ұнатқан) нәрселерін қалауы. (Сүләйман бин Жәза) Расуллуллаһ алейһиссаламның сүннетін тәрк еткен адамды және Одан келген әдептерге немқұрайлылық көрсеткен адамды ариф деп ойлама. (Жунәйд Бағдади) Ариф бостан-босқа сөйлемейді. Әрдайым Аллаһу та’аланың разылығын алуды ойлайды. (Баязид Бистами) Арифтердің көңілдері (жүректері) Аллаһу та’аланың азамет (үстемдік) және кибрийасына (ұлылығына) қайран. (Имам Раббани) Ариф өзін өзгелерден төмен санайды. (Имам Раббани) 2) Маманы болған ғылымды қиналмастан жүзеге асыратын, қолдана алатын адам. Ғалым мен арифтің арасында айырмашылық бар. Мысалыға, нахв ілімінің араб тіліндегі жалпы ережелерін білетін адам осы ғылымның ғалымы болып табылады. Алайда бұл білімдерді орын-орнымен, қиналмастан жүзеге асыратын адам ариф болып табылады. (Сәйид Абдулхаким Аруаси) |