Жәм
Біріктіру, бір араға келтіру. 1) Екінді намазын бесін намазымен, құптан намазын ақшам намазымен бірлестіріп оқу дегенді білдіреді. Сафари болмаған (104 км-ден аз жол жүретін) Ханафаи мазһабындағы бір жолаушы, Шафии мазһабына ұйып екі намазды жәм ете алмайды. (Шәмсәддин Рәмли) Сафари болған (104 км-ден астам жол жүруге шешім қабылдаған) бір Ханафи, салар барысында басқа үш мазһабқа ұйып, көлік тоқтаған кездерде, бесінмен екіндіні және ақшаммен құптан намаздары жәм ете алады. (Хайреддин Рәмли) Ханафи мазһабында тек Арафат алаңында және Муздәлифада қажылардың екі намазды жәм етулері керек. (Абдуллаһ Мусули) 2) Тасаууфтағы бір мақам (дәреже). Фена және сәкр (рухани мастық) мақамы деп те аталады. Жәм мақамында Хақ та’аланың бар екендігі көңілді қаптап, салик (тасауф жолаушысы) өзінің фәни болмысын жоқ деп көреді. Халлаж Мансурдың “Әнәл хақ”, Баязиди Бистамидің “Субхани” сөздері және осыған ұқсастары осы мақамның әсерінен болған. Аллаһу та’аладан басқа ешнәрсе көрмеген кезде айтылған сөздер. Аллаһу та’ала махлұқтарымен (жаратқандарымен) біріккен емес. Олардың жеке өзі немесе ұқсасы да емес. Ол ешбір тұрғыдан жаратқан махлұқтарына ұқсамайды. Халлаж Мансур “әнәл хақ” деп айтуымен “мен хақпын, Хақ та’аламен бірлестім” деп айтпақ болған емес. Бұлай деген адам кәпір болады. Оның сөзінің мағынасы “Мен жоқпын. Хақ та’ала бар” дегенді білдіреді. (Имам Раббани, Мұхаммед Масум) |