Пайыз
Қарызға беруде, кепілде (ипотека, яғни өтелетін мүліктің өтемі ретінде бір мүлікті аманатқа алашақтыға (қарыз берушіге) немесе басқа бір әділ адамға қалдыруда) және сауда-саттықта алушыдан немесе берушіден, біреуінің екіншісіне артық мүлік немесе ақша үстеме беруін шарт ету арқылы келген табыс. Файыз, риба, өсім деп те айтылады. Аллаһу та’ала аяти кәрималарда былай деген: «Пайыз (өсім) жегендер қиямет күні қабірлерінен қояншық ауруы бар адамдай есеңгіреп тұрады.» (Бақара сүресі 275) «Аллаһу та’ала пайыз (өсім) алған және бергендердің мал-мүліктерін жояды. Ізін де, белгісін де қалдырмайды. Зекет бергендердің мал-мүліктерін әлбетте арттырады.» (Бақара сүресі 276) «Ражаб айының алғашқы жұма түні құлшылық қылған адамды Аллаһу та’ала қабір азабынан құтқарады. Дұғаларын қабыл етеді. Тек 7 түрлі адамды кешірмейді және дұғаларын қабылдамайды: Пайызға (өсім) ақша берген және алған адам, мұсылмандарды төмен санаған адам, ата-анасына қарсы келген бала, мұсылман және діннің бұйрықтарына бағынатын күйеуін тыңдамайтын әйел, өлең айтып, сазды аспаптар шалатын адам, зинақорлық жасайтын адам, бес уақыт намаз оқымайтын адамдар». (Хадис шәриф – Риядун-Насихин) "Берген мөлшерінен артығымен қайтарып алу шартымен қарызға беру пайыз (фаиз-өсім) болады. Яғни осындай келісімшарттар харам болып табылады. Харам келісіммен табылған мал-мүліктің барлығы харам болады. Мысалы: 12 кг бидай қайтарып алу шартымен 10 кг бидай қарызға берілсе, алынған 12 кг-ның барлығы харам болып табылады. Өсімге қарыз беру және алудың харам екендігі Құран кәрімде ашық түрде білдірілген." (Имам Раббани) "Ысыраптың яғни мал-мүлікті діни тұрғыдан дұрыс болмаған жерлерге жұмсаудың жаман екендігін көрсеткен дәлелдердің біреуі пайыздың харам болуы. өсімге ақша алу және беру үлкен күнә. Пайыздың харам болуының себебі адамдардың мал-мүлкін сауда-саттық жасағанда зиян көруден қорғау болып табылады." (Имам Биргиуи) "Соңғы демде имансыз кетуге себеп болатын нәрселердің бірі – пайыз (фаиз - өсім) алу және беру." (Хамза) "Пайыз тек Исламда емес, сәмауи діндердің яғни алдыңғы келген хақ діндердің барлығында харам еді. Пайыздың азы да, көбі де харам. Ең үлкен күнәлардан болып табылады." (Мұхаммед Рабхами) "Әрбір табыс және пайда түсіретін қарыз – пайыз (өсім) болып табылады." (Алауддин Хаскәфи) |