Фаруқ
“Дұрыс пен бұрысты бір-бірінен ажыратушы” деген мағынаны білдіретін хазреті Омардың лақаб аты. "Бір күні пайғамбарымыз алейһиссаламдың алдына мұнафиқ пен (жүрегімен сенбей, сенген болып көрінген адаммен) яһуди бір дау мәселесімен келеді. Пайғамбарымыз оларға төрешілік етіп, яһудидікі дұрыс екендігін айтады. Оған мұнафиқ разы болмаған соң Расулуллаһ алейһиссалам: “Омарға барыңдар, сендердің мәселелеріңді қарап берсін!” дейді. Олар Омарға барады. “Не үшін келдіңдер?” дегенде мұнафиқ: “Мына яһудиде дауым бар” дейді. Сонда хазреті Омар: “Пайғамбарымыз тұрғанда мен қалайша бұл дауды шешпекпін?” дейді. Сонда мұнафиқ: “Біз Расуллуллаһқа (алейһиссалам) бардық. Яһудидің дұрыс екендігіне шешім қабылдады. Мен разы болмадым” дегенде хазреті Омар “Сендер біраз күте тұрыңдар! Мен қазір келемін!” деп ішке кіріп кетеді. Сәлден соң қылышын ұстап, қастарына келеді. Қылышымен бір сермеп мұнафиқтың басын шауып түсіреді. “Расулуллаһтың үкіміне разы болмаған адамның жағдайы осындай болады” дейді. Міне, осы себепті оған “Омар-ул-Фаруқ” делінген." (Шәмсәддин Сиуаси) |