Хижрет (хижра)Бір жерден басқа жерге көшу, қоныс аудару деген сөз. Пайғамбарымыздың Меккеден Мәдинаға қоныс аударуы. Расулуллаһ саллаллаһу алейһи уәсәлләм елу үш жасында Аллаһу та’аланың рұқсатымен Мәдина-и Мунаууараға хижрет етті. Сафар айының 27-сі бейсенбі күні таңертең ерте үйінен шығып, түстен кейін Әбу Бәкір Сыддықтың үйіне келді. Сәлден кейін бірге үйден шығып, Сәур тауындағы үңгірге келді. Бұл таудың жолы өте нашар еді. Мүбәрәк аяқтары қанады. Үңгірде үш түн болып, дүйсенбінің түнінде жолға шықты. Бір апта жол жүріп қыркүйек айының 27-сі және Рабиул-әууәл айының 8-і дүйсенбі күні Мәдинаның маңындағы Куба ауылына келді. Рабиул-әууәл айының 12-сі жұма күні Мәдинаны өзінің келуімен мәртебелендірді. (Ахмед Жәудәт Қасталани) |