Фатр сүресі
Құран кәрімнің отыз бесінші сүресі. “Мәлаикә” сүресі деп те айтылады. "Фатр сүресі Меккеде түсті. Қырық бес аяти кәрима. Сүренің аты алғашқы аятында өткен және жаратушы деген мағынадағы “Фатр” сөзімен аталады. Сүреде негізгі Аллаһу та’аланың үстем және теңдессіз жарату құдіреті, мүмин мен кәпірдің арасындағы айырмашылық, адам жүрегінің (көңілінің) жамандықтардан тазаруы және көркем мінезбен безенудің қажеттілігі турасында баяндалған." (Ибн Аббас, Табарани) Аллаһу та’ала Фатр сүресінде былай деген: «Аллаһу та’ала қалаған адамдардын бұзық, адасқан жолдарға салып, қалаған адамдарына хидаятын нәсіп етеді. Дұрыс, жақсы жолды көрсетеді.» (8-ші аят) «Кімде-кім Фатр сүресін оқыса, қалаған есігінен кіруі үшін жаннаттың сегіз есігіне шақырылады.» (Хадис шәриф – Қады Бәйдауи) |