Фәжр сүресі
Құран кәрімнің сексен тоғызыншы сүресі. "Фәжр сүресі Меккеде түсті. Отыз аяти кәрима. Алғашқы аяти кәримасында өткен “Фәжр” сөзі сүреге есім болған. Сүреде ескі қауымдарға қатысты қиссалар және адам баласының жамандыққа бетбұруы, мұның жаман нәтижелері, дүние өмірінен кейінгі өмір және ол жердегі жағдайлар қысқаша білдірілуде." (Ибн Аббас, Табери) Аллаһу та’ала Фәжр сүресінде былай деген: «Ей мутмаинна болған (Исламға қайшы нәрселерден ұзақтаған, тәрбиеленген) нәпіс! Өзіңді де, бізді де разы еткен халде Раббыңа қайт!» (28-ші аят) «Кімде-кім күнде Фәжр сүресін оқыса, ол қияметкүні өзіне бір нұр болады.» (Хадис шәриф – Қады Бәйдауи Тәфсирі) |