Хадди сирқатИслам құқығында өзгенің аз немесе көп мүлкін жасырын, әділетсіз немесе разылығынсыз алу себепті берілетін жаза. "Ақылды және балиғат жасына толған еркек, әйел, құл, қожайын мұсылман немесе зимми (мұсылман емес отандас), он дирхам (33 гр және 65 сантиграмм) күміс ақшаны немесе осы құнда болған мутақаууим (құнды, қолданылуы жаиз және мүмкін) және тұрумен бұзылмайтын бір мүлікті, мұсылман немесе зимми болған иесінің мүлкінен дарул Исламда (мұсылман мемлекетте) барлығын бір ретте жасырын алса және мүліктің иесі сотқа шағымданса хадди сирқат орындалады, қылмыскердің оң қолы білектің ұшынан кесіледі. Екініш рет ұрлаған адамның сол аяғы буынынан кесіледі. Үшіншісінде еш жері кесілмей тәубе еткенге дейін қамауға алынады. Ұрлық – қылмыскердің өзінің бір рет айтуымен немесе екі әділ еркек куәгердің хабар беруі арқылы анықталады." (Ибн Абидин) "Ет, көкөніс, жеміс-жидек, сүт, отын, құс, тауық, әк, көмір, тұз, құмыра, нан, әр түрлі кітаптар т.б. ұрлағанға хадди сирқат қажет болмайды." (Ибн Хумман) |