Бәни Исраил (Исраил ұлдары)Яқуб алейһиссаламның он екі ұлынан тараған әулеті және немерелері. Яқуб алейһиссаламның екінші аты Исраил болғандықтан, оның ұрпақтары осы есіммен аталған. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Иса бин Мәрям да бір кездері былай деген: “Ей бәни Исраил! Мен сендерге Аллаһу та’ала тарапынан жіберілген бір пайғамбармын. Мен алдын (жіберілген) Тәураттың мақұлдаушысы және менен кейін келетін пайғамбарды да сүйіншілейтін пайғамбар ретінде келдім. Ол пайғамбардың есімі Ахмед (Мұхаммед)”». (Саф сүресі 6) «Бәни Исраил жетпіс бір бөлікке бөлінді. Олардың жетпісі жаһаннамға түсіп, тек бір бөлігі ғана құтылды.» (Хадис шәриф – Сүнени Тирмизи, Миләл Нихал Аудармасы) «Үмбетімнің ғалымдары бәни Исраилдің пайғамбарлары сияқты.» (Хадис шәриф – Мәктубати Раббани) "Бәни Исраил Юсуф алейһиссаламнан кейін Мысырда көбейді. Бірақ ол жерде зұлым және қорлық көреді. Бұл жағдай Мұса алейһиссаламның келуіне дейін жалғасады. Мұса алейһиссалам оларды Мысырдан алып, Шәрийа қойнауының шығысындағы аймаққа орналастырды. Уақыт өтумен Мұса алейһиссаламның дініне мойынсұнатындар азая бастады. Хазреті Иса келгенде Мұса алейһиссаламға берілген Тәураттың үкімі жойылды. Бәни Исраил хазреті Иса алейһиссаламның дініне мойынсұнуы тиіс болды. Бірақ олар Иса алейһиссаламға иман келтірмей, Тәуратқа сенуде табандылық көрсетті. Ал сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам келген кезде Иса алейһиссаламның дінінің үкімі жойылды. Барлығының Исламға мойынсұнуы тиіс болды. Бірақ бәни Исраил сүйікті пайғамбарымызды қызғанғандықтары үшін оның пайғамбар екендігіне және исламға иман келтірмеді." ( Исхақ Харпути, Нишанжызада, Рахметуллаһ мырза) |