20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Әдиллә-и шәрийә

Әдиллә-и шәрийә

Дін ілімдері, үкімдері шығарылуы үшін қажетті дәлелдер.

"Әдиллә-и шәрийә төртеу: Кітап (Құран кәрім), Сүннет (пайғамбарымыздың сөз, іс-әрекет және шешімдері, бір іс жасалып жатқанда көріп оған кедергі болмаған нәрселері), Иджма (мүжтәһид ғалымдардың діни бір істің үкімінде ауызбіршілікке келуі), Қияс (үкімі белгісіз нәрсені үкімі белгілі нәрсеге ұқсату арқылы түсіну)." (Абдулғани Наблуси)

"Ислам – Әдиллә-и шәрийә мен оған бағынышты екінші дәрежелі дәлел және құжаттармен бізге келген. Бұл дәлелдерге сүйенбейтін, бұлардың тысында қалған барлық нәрсе бидғат." (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

"Дінге байланысты істердің дәлелінде әдиллә-и шәрийәге қаралады. Тасаууфшылардың кәшф, кереметіне емес." (Имам Раббани)

"Әдиллә-и шәрийәнің төрт болуы мүжтәһидтер үшін. Муқалидтер яғни төрт мазһабтан бірінде болғандар үшін дәлелмен құжат өз мазһаб имамының ижтиһадымен сөзі."(Хадими)