Береке (берекет)Мейірім, жақсылық, молшылық дегенді білдіреді. 1) Аллаһу та’аланың мол ниғмет беруі. Аллаһу та’ала аяти кәримада былай деді: «Ибраһим және (інісінің ұлы) Лутты (Ирактағы Нәмрудтан) құтқарып, әлемдерге (ағаштар, тәтті жемістер, өзендер және басқа да нәрселермен немесе көптеген пайғамбарлар жіберу арқылы) берекеліктер жаудырған жерімізге (Шам аймағына) шығардық.» (Әнбиә сүресі 71) Бір әйел сүйікті пайғамбарымызға сыйлық ретінде бал жібереді. Пайғамбарымыз балды қабылдап, бос ыдысты беріп жібереді. Әлгі әйелге ыдыстың іші балға толы болып келеді. Әйел келіп: «Йа расулаллаһ! Сыйлығымды неліктен қабылдамадыңыз?» деп сұрайды. Сүйікті пайғамбарымыз: «Сенің сыйлығыңды қабыл еттік. Сен көрген бал, Аллаһу та’аланың сенің сыйлығыңа берген берекесі» дейді. (Хадис шәриф – Мирати Каинат) "Жылдың берекесі көктемінен белгілі болады." (Имам Раббани) 2) Қайыр (жақсылық), пайда, дегенді білдіреді. «Шайтан әрбір істеріңде сендермен бірге болады. Тіпті тамақтану кезінде де. Кімнің азығынан бір тілімі жерге түссе, оны алып, тазалап жесін. Ол тамақты шайтандарға қалдырмасын. Өйткені берекенің қай тілімде болатыны белгісіз.» (Хадис шәриф – Мүслим) «Саудаға қиянат араласатын болса берекесі кетеді.» (Хадис шәриф – Тәрғиб уәт-Тәрхиб) "Адам Аллаһу та’ала әмір еткені үшін еңбек етіп, ризқын халал жолдан іздесе, ежелден белгілі болған ризқына қауышады. Бұл ризық ол үшін берекелі болады." (Садәти Әбәдийа) "Аз мүлік берекелі болса, көп адамның рахатына, жақсы істердің жасалуына себеп болады. Берекесіз болған көп мүлік бар, иесінің дүниеде және ахиретте пәлекетіне себеп болады. Олай болса мал-мүліктің көп болуын емес, берекелі болуын қалау керек." (Имам Ғазали) 3) Мейірім. "Құран кәрім оқылған үйге береке келеді. Періштелер сол жерге жиналады. Шайтандар ол жерден қашады." (Әбу Хурайра) "Құран кәрім оқылған үйге береке жауады. Сол кезде жасалған дұғаның қабыл етілуі үміт етіледі." (Абдулхаким Аруаси) |