Әмри маруф
Дінде әмір етілген нәрселерді насихаттау, үйрету, орындату. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «Ей мүмин құлдарым! Мен әмір еткен істерді, ғибадаттарды орындап, әмри маруф (діннің әмірлерін, жақсылықтарды үгіттеп) және нәхи мункәр (күнәлардан, жамандықтардан тыйылуды насихаттасаңдар) етсеңдер басқалардың жолдан таюы сендерге зиян бермейді.» (Маида сүресі 108) «Бір-бірлеріңе мұсылмандықты үйретіңдер. Әмри маруфты тоқтатсаңдар, Аллаһу та’ала іштеріңнен ең жаман адамды бастарыңа бәле етеді және дұғаларыңды қабыл етпейді.» (Хадис шәриф – Мишқат) «Қиямет күні бір адамды алып келеді. Оны жаһаннамға тастаңдар деген әмір келеді. Шек-қарындары сыртқа шығады. Меркептің (есектің) қазықтың айналасында айналғанына ұқсап, оның айналасында айналшықтап тұрады. Жаһаннамдағылар сен әмри маруф және нахи мәнкәр жасаған жоқ па едің, қазір енді мына жағдайың не? Сені мұндай халге түсрген не? дейді. Иә, басқаларға жақсылықты әмір ететін едім, бірақ өзім жасамайтынмын. Жамандықтарды жасамаңдар дейтін едім, бірақ өзім жасайтынмын.» (Хадис шәриф – Бұхари, Мүслим) «Бүкіл ғибадаттарға берілетін сауап, Аллаһ жолында соғысқа аттануға берілетін сауаппен салыстырғанда теңіз жанындағы бір тамшыдай ғана. Ал соғысқа аттанудың сауабы болса, әмри маруф және нәхи мункәрдің сауабының жанында теңіз жанындағы бір тамшы судай ғана.» (Хадис шәриф – Кимйа-и Саадәт) "Әмри маруф екі түрлі жасалады. Біріншісі сөз, жазу және әр түрлі ақпарат құралдарымен. Мұны жасағанда білім аз болса және әр адамның түсіну денгейіне, әдет-ғұрыптарға, заңдарға мән берілмейтін болса, фитнаға себеп болуы мүмкін. Екінші жол хал арқылы жасалады, яғни исламның көркем мінез-құлқымен безеніп адамдарға үлгі болу арқылы. Адамдарға жылы сөзбен, күлімдеген жүзбен жақсы мәміледе болу, ешкімді ренжітпеу, ешкімнің мал-жанына, намысына көз тікпеу ең әсерлі, ең пайдалы әмри маруф болып табылады." (Имам Биргиуи) "Әмри маруф және нәхи мункәр ететін адамның ниеті халис (таза) болуы және істің маңыздылығын түсініп, Аллаһу та’аланың бұндағы әмірін жақсы біліп, сабырлы болуы, айтысып, сөз таластырмауы, ұрысқа түспеуі, жұмсақ түрде жылы сөз және жазу арқылы орындауы керек." (Имам Биргиуи) |