20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Әнбия сүресі

Әнбия сүресі

Құран кәрімнің жиырма бірінші сүресі.

"Меккеде түсті. Жүз он екі аяти кәримадан тұрады. Сүреде кейбір пайғамбарлар (Ибраһим, Исхақ, Лут, Сүлейман, Дауд, Әйюб, Юнус және Зәкәрийә алейһиссалам) және бұлардың қауымдарын иманға шақыруларына байланысты болған жағдайлар баяндалғандықтан, сүре осылай аталған. Әнбия сүресінде тағы, Аллаһу та’аланың бір екендігі, өлгеннен кейін қайта тірілудің және ахирет өміріне катысты үкімдер білдірілген." (Бәйдауи, Қуртуби, Ибн Аббас)

Әнбия сүресінде Аллаһу та’ала былай дейді:

«Аллаһтан басқа құдай (тағы бір тәңір) бар боғанда, әлемдегі заңдылық (жүйелілік) бұзылып, астан кестені шығар еді.» (22-ші аят)

«Қиямет күніне тән әділдік мизандарын құрамыз. Ешкімге зұлымдық жасалмайды. Қыша данасындай (түйірдей, аз ғана) мөлшерде жақсылық жасаған адам нәтижесіне қауышады» (47-ші аят)

«(Ей хабибім Мұһаммед алейһиссалам!) Сені әлемдерге рахмет (мейірім), жақсылық үшін жібердік.» (107-ші аят)