20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Әнфал сүресі

Әнфал сүресі

Құран кәрімнің сегізінші сүресі.

Мәдина мунаууарада Бәдір соғысынан кейін түсті. Жетпіс бес аяти кәримадан тұрады. Сүре есімі, бірінші аятта өткен әнфәл сөзінен алынған. Бұл сүредегі басты тақырыптар: Бәдір шайқасынан қолға түскен ғаниметтің (олжаның) таратылуы жайындағы әмірлер, пайғамбарымыз алейһиссалам және басқа пайғамбарларға қатысты кейбірмәселелер. (Сәнауллаһ Дәхләуи, Ибн Аббас)

Әнфәл сүресінде Аллаһу та’ала былай дейді:

«Иманы кәміл болған мұсылмандар мыналар, Аллаһу та’аланы еске алған кезде Оның ұлылығынан жүректері дірілдеп үрейге толады. Аяттарды оқығанда(бұл) олардың имандарын арттырады. Тек Раббыларына тәуекел етеді, сенеді.» (2-ші аят)

«Кімде кім Әнфал және Бәрәа сүрелерін оқыса, қиямет күні мен оған шапағат етемін және оның екіжүзділіктен құтылғандығына куәлік етемін.» (Хадис шәриф – Әнуарут-Тәнзил)