Жаһил1) Аллаһу та’аланы ұмытқан, ғафил (нәпсіне еріп, азғындыққа түскен), ілімсіз, сауатсыз, надан деген мағыналарға келеді. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Жаһилдер, ақымақтар дүниедегі зауқпен ләззаттарға қауышу үшін, діндерін, имандарын берді. Ахиреттерін сатып, дүниені, шәһуаттарының қалауларын алды. Құтылу жолын тастап, пәлекетке жүгірді. Бұл саудаларынан ешнәрсе ұтпады. Бұлар сауда және табыс жолын білмеді. Өте зиян етті.» (Бақара сүресі 16) «Өзінің ғалым екенін айтқан адам – жаһил» (Хадис шәриф – Кәшфул-хафа) «Ақыр заманда ғибадат ететіндердің көбі дін жаһилі болады.» (Хадис шәриф – Бәриқа) 2) Ілімімен амал етпейтін адам дегенді білдіреді. Қанша оқысаң оқы, қанша үйренсең үйрен, қаншама ілім алсаң ал, онымен амал етпейінше жаһилсің. (Сади Ширази) |