Бақи (Әл-Бақи)
Аллаһу та’аланың Әсма-и хуснасынан (көркем есімдерінен). Тұрақты, мәңгі, шексіз, бар болуының соңы болмаған, мәңгілік бар болушы дегенді білдіреді. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «(Тек) ұлылық және икрам иесі болған Раббың ғана Бақи (мәңгілік).» (Рахман сүресі 27) "Аллаһу та’ала қадим (бар болуының бастауы жоқ, мәңгі бар), әзәли (шексіз ежелден бар). Бар болуынан алдын жоқтық бола алмайды. Қадим және әзәли болған, бастауы болмаған, бақи және мәңгілік болады. Хадис және махлұқ болған (кейіннен жаратылған) нәрсе, фәни (жоқ болады) және мууаққат (уақытша) болады." (Имам Раббани) "Әл-Бақи есім шәрифін мың рет айтқан адам зиян және қайғыдан сақталған болады." (Юсуф Набхани) |