Байрам (Айт-мейрам)
1) Ислам дінінің білдірген және мұсылмандардың қуанатын Ораза (фитр) және Құрбан айт мейрамдары. "Сүйікті пайғамбарымыз мәдиналықтардың жаһилият (надандық) дәуірінен қалған мейрамдарды тойлағанын көргенінде: «Аллаһу та’ала сендерге олардан да қайырлы екі мейрам (Рамазан және Құрбан айттарын) ихсан етті» деп, қуанышпен шаттық күндерін көрсетті." (Хадис шәриф – Әбу Дауд) "Мейірімділік есігі төрт түнде ашылады. Сол түндерде жасалған дұға және тәубе қайтарылмайды. Фитр (Рамазан), Құрбан айттарының алғашқы түндері, Шабан айының он бесінші (Бәрат) түні және Арапа түні." (Хадис шәриф – Әт-Тәрғиб уәт-Тәрхиб) "Араб айларынан Шәууәл айының бірінші күні Рамазан (Фитр) айты, Зулхижжа айының оныншы күні Құрбан айты болып табылады. Рамазан айты үш күн, ал Құрбан айты төрт күн жалғасады. Бұл күндерде күнәлар кешірілетіндіктен және мұсылмандардың көңілді, қуанышты күндері қайта келгенгендіктен “Ийд” (айт) яғни мейрам делінді."(Сәйид Абдулхаким бин Мұстафа) 2) Жұма күні «Күндердің ең құндысы жұма күні. Жұма күнінің құны, айт күндерінен және ашура күнінен де артық. Жұма күні дүниеде және жаннатта мүминдердің мейрамы. (Хадис шәриф – Рийадун-Насихин) 3) "Аллаһу та’аланың әмірлеріне мойынсұнып, тыйымдарынан сақтанып, күнә жасамай, харам тағам жемей өткізілген күндер. Хазреті Әли бір топ адамның қуанып, шаттанып жатқанын көріп, себебін сұрағанда олар: «Бүгін мейрам ғой» дейді. Сонда хазреті Әли: «Күнә жасамай өткізген әр күніміз де біздің мейрамымыз болып саналады» деді." (Имам Ғаззали) 4) "Мұсылман рухын тапсырар кезде рахмет періштелері мен жәннат хурилерін көрген кездегі қуанышымен жан берген уақыты." |