Фасық (Пасық)Ашықша (адамдардың көзінше) күнә істеуден тартынбайтын, қарсы шығушы, күнәһар мүмин. «Пасықтың азғындығына кедергі болуға құдіреті жете тұра, ешкім кедергі болмаса, Аллаһу та’ала бұлардың барлығына дүниеде және ахиретте азап береді.» (Хадис шәриф – Бәриқа) «Пасық мақталған кезінде Раббымыз ашуланады.» (Хадис шәриф – Бәйһақи, Ибн Ади) «Қызын пасыққа берген адам малғұн.» (Хадис шәриф – Зәуажир) Үйренуі парыз және уәжіп болған фиқһ (дін) білімдерін үйренбеу пасықтық, яғни күнә болып табылады. Пасықтардың куәлік етулері қабыл етілмейтіндіктен куәлерге наразылық болған кезде сот төрешісі куәгерлерден фиқһ ілімінен сұрайды. (Ибн Абидин) Пасықтың, бидғатшының (ақидасы бұзық адамның) үйіне, шақырған дастарханына тек қана зарурет (мәжбүр болған) жағдайда немесе біреудің жұмысын бітіріп беру үшін ғана баруға болады. (Имам Ғазали) |