ҒафлетБостық, ұмыту, тәрк ету. Нәпістің қалауларына еріп, Аллаһу та’аланы және Оның әмірлері мен тыйымдарын ұмыту. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «(Ей, Расулым!) Оларды істің аяқталатын (есеп тапсыратын) күннің ауырлығымен қорқыт. Олар әлі ғафлет ішінде. Олар иман кетірмеуде.» (Мәриәм 39) «Ей, адамдар! Өлместен бұрын ғафлетті тәрк етіңдер, Аллаһу та’алаға бет бұрыңдар! Тәубе, истиғфар айтып, Аллаһу та’алаға құлшылық етіңдер. Сендерді алдандыратын істерің көбеймес бұрын пайдалы істерді жасауға тырысыңдар. Аллаһу та’аланы көп еске алыңдар. Аллаһу та’аланың разылығын алуға тырысыңдар. Осылай ететін болсаңдар ризықтарың мол болады, табыстарың көбейеді, көмекке қауышып, кемшіліктерің толығады.» (Хадис шәриф – Сунән Ибн Мажә) «Төрт нәрсе адамның нәсіпсіздігінен және ғафлетінен: көздерінен жас ақпауы, көңілінің (жүрегінің) қатаюы, қиялшыл және қанағатсыз болуы.» (Хадис шәриф – Әт-Тәрғиб уәт-Тәрхиб) Ғафлет адамға тәкаппарлық береді және құрдымға сүйрейді. (Хазреті Әли) Адамға ең көп зиян әкелетін нәрсенің не екенін білгім келді. Мұның ғафлет екенін түсіндім. Ғафлеттің адамға беретін зиянын жаһаннам оты да бермейді. Йа, Раббым! Бізді ғафлет ұйқысынан ояндыр! Мейірімділігіңмен және рақымдылығыңмен бұл дұғамды қабыл ет! (Баязид Бистами) |