20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Ғұсыл

Жүнiп болған әйел мен еркектің, хайз және нифастан тазарған әйелдің аузы және мұрнымен бірге иненің ұшындай құрғақ жер қалмайтындай түрде барлық денесін жууы.  

«Жүніп болған кезде дереу ғұсыл алыңдар. Өйткені, кирамен катибин (екі иықтағы) періштелері жүніп адамнан жиіркенеді.» (Хадис шәриф – Әййуһәл уәләд)

 «Ғұсыл алу үшін орнынан тұрған адамға денесіндегі түк санынша (яғни өте көп) сауап берiледi. Сонша күнәсы да кешiрiледi. Жаннаттағы дәрежесi көтеріледі. Ғұсылы үшiн оған берiлетiн сауап дүниедегi барлық нәрседен де қайырлы болады. Аллаһу та’ала перiштелерге бұл құлыма қарандар! Түнде менiң әмiрiмдi ойлап, ерінбей жүнiптіктен ғұсыл алып жатыр. Куә болыңдар, бұл құлымның күнәларын кешiрдім дейдi». (Хадис-шәриф – Ғунйа)

Намаздың дұрыс болуы үшін дәреттің және ғұсылдың дұрыс болуы қажет. (Ибн Абидин)

Кәпір мұсылман болған кезде алдымен ғұсыл алуы мүстаһаб. (Имам Раббани)