20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Күнә

Дінде тыйым салынған нәрселер.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Біреу күнә істеп немесе өзіне зұлымдық етсе, кейін өкініп Аллаһу та’алаға истиғфар етсе, Аллаһу та’аланы мейірімді және кешірімді халде табады» (Ниса 110)

«Нәпіске тыныштық және көңілге (жүрекке) рахат беретін іс – жақсы амал. Нәпісті азғыратын, көңілге (жүрекке) қобалжу беретін іс – күнә.» (Хадис шәриф – М. Масумийә)

«Жасырын жасалған күнәның тәубесін жасырын жасаңдар! Ашық түрде жасалған күнәның тәубесін ашық жасаңдар! Күнәларыңды білетіндерге тәубелеріңді естіртіңдер.» (Хадис шәриф – Кимия-и Саадәт)

Күнә істеуден тыйылмайтын ғалым қолына шырақ ұстаған соқырға ұқсайды. Барлығына жол көрсетеді, бірақ өзі көре алмайды. (Сади Ширази)

Күнә істеуді жалғастырумен қоса “жасаған күнәмның Аллаһу та’алаға қандай зияны бар, Ол мені кешіреді” деп айту мұнафықтықтың (екіжүзділіктің) белгісі. (Абдуллаһ Дәхләуи)

Күнәлар егер зина жасау, ішімдік ішу, ән және сазды аспар тыңдау, харамдарға қарау, дәретсіз мусхафты ұстау және бидғат ақидалы болу (бұзық, адасқан сенім) секілді Аллаһу та’аламен құлдың арасындағы күнә болып, құл ақыларына қатысссыз болса, олардың тәубесі өкіну, истиғфар айту және жалбарынып Аллаһу та’аладан кешірім сұрау болып табылады. Алайда, парыздарды тәрк еткен болса, мысалыға намаздарын оқымаған, оразаларын тұтпаған болса, тәубе мен истиғфар бұлардың қазасын өтегеннен кейін болады. Құл ақысына қатысты болғандарды ақы иелеріне немесе мұрагерлеріне өтеп, кешірім сұрауы, халалдасуы (разылықтарын алуы) керек. Мұрагерлері белгісіз болса, кедейлерге садақа ретінде беріп, сауабын ақы иесіне бағыштауы керек. (Имам Ғазали, Юсуф Синануддин)