20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Иджма

1) Әдиллә-и Шәрийаның (дін үкімдері шығарылатын дәлелдердің, негіздердің) үшіншісі. Бір ғасырда өмір сүрген мүжтәһид деп аталатын, терең білімді ғалымдардың бір мәселенің үкімінде бірігуі, сонымен қатар ижтиhадтарының бір-біріне сәйкес келуі. Ғалымдардың ауызбірлігі.

Хиджри төртінші ғасырдан кейін мутлақ мүжтәһид жетілмегендіктен иджма да қалмаған. Сол себепті иджма делінген кезде сахабалардың (Пайғамбарымыз алейhиссаламның достарының), Табииннің (Сахабаларды көрген ұлы ғалымдардың) және Табеи табииндердің (Табииндерді көрген ғалымдардың) иджмасы екендігі түсініледі. (Ибн Абидин)   

Бір мәселені сахабалар иджмамен білдірмеген болса, Табииннің ауызбірлігі бұл мәселе үшін иджма бола алады. Табиин де бұл мәселені иджмамен білдірмеген болса, Табеи Табииннің ауызбірлігі бұл мәселе үшін иджма болып есептеледі. Өйткені бұл үш ғасырдың ғалымдары яғни мүжтәһидтері хадис шәрифпен мадақталған. Бұларға сәләфуссалихин деп айтылады. (Ибн Абидин)  

Дінде маңызды (бәрінің білуі қажетті) болған, яғни тіпті жаһилдердің де білетін иджма ілімдеріне сенбеген адамның иманы кетеді. (Ибн Абидин)

2) Бес уақыт намаздың парыз екендігі және зинаның харам болуы сияқты ижтиһадтың қажеті болмаған, дінде ашық білдірілген үкімдерді ғалымның және ғалым емес әрбір мұсылманның білуі және осылай екендігіне барлығы ауызбірлік етуі.

Зарурийати диниййадан яғни діннің негізі болған, әр мұсылманның міндетті түрде білуі қажет болған мәселелерде мүжтәһид болмаған ғалымдардың да иджмасы өтеді. Олардың иджмасы болмаса, бұл үкімдер тұрақсыз деген сөз емес. Иджманың бұл түрі иджма жасалған мәселенің әрбір мұсылманның білетінін, сол себепті әрбір мұсылманның бұларды біліп үйренуі керектігін, білмей тұрып орындаудың жаиз еместігін білдіру үшін. Мәселен намаздың парыз болуы, кітап, сүннет және иджмамен білдірілген. (Молла Хусреу, Сәрахси, Хадими)