ИстинжаАлдан және арттан нәжіс шыққанда жуып тазалау - истинжа деп аталады. (Таса жер табылмай) Адамдардың алдында әурет жерін ашып тазалай алмаса, нәжіс көп болса да истинжа етпейді. Әурет жерін ашпай солай намаз оқуы керек. Егер ашатын болса күнаһар, пасық болып, харам істеген болады. Кейін ешкім жоқ жерге барып, сумен тазалап намазды қайтадан оқиды. (Ибн Абидин) Истинжа етер кезде алдын немесе артын қыблыға қарату – тәнзиһан мәкрух. (Алауддин Хаскәфи) Сүйек, тезек, кірпіш, қыш құмыра, әйнектің бөлшектері, зәмзәм суы, жапырақ және қағазбен истинжа ету тахримән (харамға жақын) мәкрух болады. (Хасан бин Мансур) |